Мұз айдыны сатылды

Рудныйдағы мұзды спорт сарайы gosreestr.kz сайты арқылы 103,3 млн теңгеге сатылды. Бастапқы баға 103,2 млн теңге деп көрсетілген болатын.162_86f5d951415be34f647b5ec1b1d6cef8
Қазіргі таңда ғимарат Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Рудный-2017» спорт клубы» КМҚК меншігінде. Осыдан үш жыл бұрын спорт сарайын 1,6 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өткізілу жоспарланған еді. Алайда жергілікті билік мұндай қомақты қаражатқа жаңа спорт орталығын салғанды тиімдірек санады.
1980 жылы іргесі қаланған мұзды спорт сарайының жалпы ауданы 5793,7 шаршы метр келеді. Ол 2,0340 га жер учаскесінде орналасқан. Бағалаушылар мүліктің жағдайы қанағаттандырарлық, ал мұз алаңы жаңартуды қажет етеді деп баға берген.
Енді нысанды сатып алған кәсіпкер 15 жылға дейін оны өз мақсатында пайдалану керек. Қала тұрғындары сарайдың жаңа иесі көптен күткен жөндеу жұмыстарын қолға алса екен деп тілейді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓