Үлгілі отбасылар мен жас отбасылардың кездесуі

Кездесуді аудан әкімі, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасы Ж.Таукенов ашып, оның мәні мен маңызына тоқталды.
Мұнан соң үлгілі отбасы иелері зейнеткерлер: А.Оспанов, "Октябрь Революциясы" және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері Е.Бейсенов, ардагер-ұстаздар: А.Төлегенов, К.Аюбекқызы, Б.Нұрсейітов, қос Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Б.Нұр-ғожин, кәсіпкерлер Т.Ахметов пен Г.Төлендіқызы, Б.Қолдасбаев атындағы орта мектеп директоры А.Айтмағанбетов, "Ардақты Ана" және "Алтын алқа" атақтарының иегері С.Бейсен келіні үлгілі отбасы болудың қыры мен сыры туралы өздерінің әңгімелерімен бөлісті. Жас отбасыларды отбасы құндылықтарын құрметтеуге шақырды.
Отбасылар кездесуінде аудан әкімі Ж.Таукенов осы семинарда ортаға салынған құнды іс-тәжірибелерді жас отбасылардың игі-лігіне айналдыру туралы өз ой-пікірін ортаға салды.

Ия, ауданымызда ғибратты да ұлағатты бір жиын өтті. Онда ортаға салынған ойлар болашақта жас отбасылар үшін пайдалы тәжірибе іспетті.
Отбасылар кездесуінде шаңырақ көтергендеріне жарты ғасыр толған, жастарға ғибратты да тағлымды әңгімелер айтқан Е.Бейсенов пен оның зайыбы С.Бейсен келіні өздеріне таяуда шөбере сүйгізген немере келіндері, ауданымыздың талантты жас өнерпазы Фариза Жоламановаға отбасылар кездесуінен тәбәрік ретінде арнайы жасатқан қазақтың қасиетті қара домбырасын тарту етіп, оған өнерде жаңа жетістіктер тіледі.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.
Суретте: үлгілі отбасы иелері, тәрбиелеп өсірген 10 балаларынан 50-ге жақын немере, шөбере сүйіп отырған еңбек ардагерлері Есет Бейсенов пен оның зайыбы Сақып Бейсен келінінің жас өнерпаз Ф.Жоламановаға домбыра сыйлап тұрған сәті.
Суретті түсірген автор.