Көлік апаты: 6 адам зардап шекті
Қостанай облысында жойқын жол-көлік оқиғасынан 6 адам зардап шекті. Жапа шеккендердің бірі Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген.
«Ер адамның бірнеше жері сынды. Хирургия бөлімінде емделіп жатыр», – дейді дәрігерлер.
Ал тағы бір ауыр жараланған әйел қалалық ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайының орташа екенін айтады.
«Оның жамбас сүйегі сынған. Қазір операцияға дайындап жатырмыз», – дейді травмотология бөлімінің басшысы.
Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына кішкентай бала жеткізілді. Оның да жамбас сүйегі сынған. Оған да ота жасамақ.