Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бұл заң "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, өз күшіне енді, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" РИА Новости сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді", – делінген жарияланған заңда.