«Атамекен» – ауқымды істердің бастауы

         Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға айрықша маңыз берілген. Ең бірінші мемлекет тарапынан мықты қолдау жасалған. Дегенмен, саланы дамытуда кездесетін кедергілер де аз емес. Осындай қадау-қадау мәселелерді шешу жолдарын қарастыру үшін Қостанайда Өңірлік палатаның кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Оның жұмысына  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты. кулибаев 1
    Кеңесте сөз алған ҰКП басшысы «Атамекеннің» соңғы төрт жылда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Маңыздысы сол, адам капиталын дамыту.
        Оның айтуынша, 2013-2017 жылдары бизнесті қорғау бағытында 22 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Соның 40%-і оң шешімін тапқан. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің 92 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланған  меншік  құқығы қорғалған. Бұл айыппұлдар, айыпақылар, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қайтарған қаржы. «Атамекен» 20 мыңнан астам нормативтік- құқықтық актілерге және заң жобаларына сараптама жүргізді. Мемлекеттік органдар тарапынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жолдаған ескертулер мен ұсыныстардың 73%-і ескерілді. Мәселен, Ұлттық палатаның араласуымен жаңа салық кодексі әзірленді. Онда ШОБ үшін арнайы салық режимдері және ҚҚС шегі сақталған.
«Осы жылдар ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Ең бастысы, бизнес пен билік арасында дәнекер бола алдық. Мұның сыртында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында көп жұмыс істелгенін атап өткен жөн. Кәсіпкерлер қандай да бір жағдай туындаса, қайда шағымданатынын біледі»,- деді Т. Құлыбаев.           
Сапар шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы облыстағы «Бастау» жобасы түлектерінің жүзеге асырған бизнес-идеялар көрмесімен танысты. Көрмеге жергілікті кәсіпкерлердің киіз үй жасайтын цех, шұбат өндірісі, полимерлік қалдықтарды өңдеу, бал өндіру, суши роллдарын шығару, рестобардың ашылуы тәрізді тиімді жобалары қойылды.кулибаев 2
Өткен жылы  «Бастау» жобасы бойынша 1255 адам қысқа мерзімді курстарда оқып шықты. Олардың 264-і өз ісін ашты. Енді биыл облыстың барлық аудандары мен қалаларында 2 268 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓