Жол бойында 2 тәулік жатыр

Көлік иелерінің айтуынша, олар Арқалық-Амантоғай тас жолында екінші тәулік жатыр. Нәр татпаған, жанар-жағар май да таусылған. Бұл жайында  Alau.kz тілшісі жазды.пробкаҚостанайдан Арқалыққа бара жатқан Арман Берікбаев есімді жолаушының сөзінше, бұл учаскеде тағы да 12 көлік тұралап қалған.
"Айналып өтер жол жоқ. Көбінің жанармайы сарқылған. Таяу маңда бекет бар, бірақ ол көлікке газ құюға ғана арналған. ТЖМ қызметкерлеріне хабарластық. Олар "Қазақавтожол" ЖШС-не қоңырау шалыңдар дейді. "Қазақавтожолға" жүгінсек, олар бізді ТЖМ-не сілтейді. Бұл серіктестікке бүгін тағы хабарласып көрдік. Көңілді қалдырды. Көліктің көбісі кейін шегінді", – дейді ол.
Арманнның сөзінше, көптеген жүргізушілердің азық қоры таусылып қалған. Қалтасында қаражаты барлар жақын маңдағы дәмханалардан өзек жалғап жүр. 
Дегенмен, орган қызметкерлері де қол қусырып жатқан жоқ. Қостанай облысы бойынша ТЖД алдын ала ескерту хабарландыруларын аймаққа таратты. Облыс көлемінде тас жолдардың уақытша жабылатыны жайлы ақпараттар күн бұрын мәлімделуде. Тәртіп сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты ТЖД жедел штабтары да іске кірісті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓