Алаяқтыққа барған күдіктілер ұсталды
"Үй әперемін" деп талайды сазға отырғызғандардың тірлігі жайлы аз естіп жүрген жоқпыз. Ондай алаяқтар біздің Қостанай өңірінде де жоқ емес, құрықталғандары заң алдында жауап берсе, көптің көз жасына қалып, сан соқтырып жүргендері "тірліктерін" жалғастыруда.
Қостанай қалалық №2 сотына осындай алаяқтық бойынша тағы да бір қылмыстық іс келіп түсті. Төрт адамның сеніміне кіріп, пәтер әперемін деп қомақты қаржыларын қалтасына басқан алаяқтарға қатысты істің алғашқы отырысы бүгін, яғни 13 тамызда өтеді.