Құрметті қостанайлықтар!

  8b4a7ea3ecafbb8fa3d97b752cf2b591 Сіздерді тамаша көктемгі мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
1 Мамыр – бұл біздің тұтастығымыз бен берік мызғымас байланысымыздың және қазақстандықтардың барлық ұрпақтары сабақтастығының символы.
Ол өзінің Отанына және қасиетті азаматтық борышына деген сүйіспеншілік бейнесіне айналды.
Бірге жүріп өткен көптеген жылдар ішінде біздің тағдырларымыз, біздің өміріміз бірлесіп кетті, біз біртұтас қоғамға айналдық.
Сондықтан достық, сенім, ынтымақтастық, топтасқандық ұлтына немесе діни сеніміне қарамастан  біздің әрқайсымыз үшін өзекті құндылықтар болып табылады. 

Қоғамдық келісім, мәдени және тілдік әралуандық біздің гүлденуіміздің негізіне, елдің басты байлығы мен қазынасына айналды.

Қазақстан, әрбір ұлттың тілін, салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтей де қастерлей отырып, барша әлемдік қауымдастыққа достық пен бірліктің нағыз үлгісін паш етеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан бейбітшілік пен жасампаздық саясатының арқасында әртүрлі этностар өкілдері индустрияландыру, шағын және орта бизнесті, ғылымды, білімді, денсаулық сақтауды, мәдениетті, спортты дамытуға белсене қатысады.

Бүгінде Қазақстан халқының бірлігі 2050-Стартегиясын іске асырудың және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөніндегі мақсаттарға жетудің өзекті факторы болып отыр.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға шын көңілден мықты денсаулық, отбасылық құт-береке, бейбітшілік, қуаныш пен ізгілік тілеймін!

Біздің өмірімізде әрқашанда сүйіспеншілік пен достық сезімі, туған ошағыңның жылуы, сенім мен өзара түсініспеншілік ахуалы, өзіміздің Отанымызға деген мақтаныш – Қазақстан  халқы Бірлігінің негізін қалайтынның барлығы да болсын!

Н.САДУАҚАСОВ,

Қостанай облысының әкімі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓