Кенесарының жеңілу себебі…

1847 жылы қырғыз бен қазақтың арасында келіссөз жүргізіп, бітім жасап қайтуға қарт Бөгенбай қырғызға барады. "Қырғыз-қазақ бекер жауласпайық!" – дейді Бөгенбай. Ол келген соң, бата қылу үшін қырғыздар айшық мүйіз көк қошқарды алып келеді. Бөгенбайдың айтқан батасы: "Осы келісімді кімде-кім бұзса, осы көк қошқардай бауыздалсын", –  депті. Қайтып келіп Кенесарыға айтқанда, Бөкеге айтқаны: "Бөке, қартайған екенсің, менің күткен келісімім бұл емес еді ғой". Бөкең: "Ә, солай ма? Е, қартайсам, қартайған шығармын. Төреге ерген ер-тоқымын арқалайды дегендейін, енді қалған арғын-қыпшақты осылай еткің келді ме", – деп, етегін үш қағыпты. "Ал, енді, маған еретін арғын-қыпшақ,  еріндер, төреге ергендерің осы жерде қалыңдар!" – деп шығып кетеді. Сонда Кененің әйелі Күнімжан: "Әлгі қарт қайнаға етегін үш қақты-ау, байқадыңыз ба, ренжітпесеңіз жақсы болар еді", – дейді.  Кене: "Уай, алжыған қартты қой!" – депті. Осы сөзді есіткен арғын-қыпшақ Бекеңнің соңына еріп кетіпті. Осыдан кейін Кененің ісінің оңбауына, жеңілуіне себеп болған осы дейді.

(С.Аманжоловтан).

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓