Латын әліпбиін үйренуді бастап кеттік
Айбат Сәтпаев,
Ұзынкөл ауданының №2 орта мектебінің мұғалімі.
Елбасымызға латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Оған дейін көпшілік өз пікірлерін айтып білдірді. Мамандар екеуін қорытан келе тиімді жақтарын алған. Латын әліпбиі өте тиімді. Неге десеңіз кириллицада басы артық әріптер көп. Ал латыншада тек керекті дыбыстарды ғана шағындап аламыз.
Осы бастамаға орай ауданымызда сабақтың алдында таңертең 15 минут латын әліпбиіне үйренеміз. Оқушылар белгілі бір мәтіндерді жазып, жаттығып жатыр. Әлі белгіленбесе де осылайша қолға алудамыз. Егер нақты бекітіліп жатса оқушылар іліп әкетуге әзір.