Заң жобасының жаңа нормалары

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент қарауына енгізілген заң жобасының нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. абаевАтап айтқанда, ведомство басшысы Facebook-тегі парақшасында заң жобасы бойынша түсінік берген видеоны орналастырды.
«Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің мәртебесі артады, бұл баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтеріне қатысты. БАҚ  өкілдері байланысқа шығуы үшін мемлекеттік орган сайтында өзінің өкілінің байланыс мәліметтерін ұсынуы керек. Сонымен қатар, аталған өкіл тікелей бірінші басшыға бағынуы тиіс»,- деп түсіндірді министр.
Оның сөзіне қарағанда, баспасөз хатшысының қызметін тоқтатуға жол берілмейді. Тек ұйым тараған жағдайда ғана баспасөз хатшысының қызметі тоқтатылады. Сонымен қатар, ведомство басшысы қандай жағдайларда БАҚ азаматтар фотосуретін жариялауға құқылы екенін түсіндірді.
«Қазіргі уақытта азаматтар бейнесін пайдалануға рұқсат сұрау қажет. Енді БАҚ өкілдері осыны жасамайтын жағдайларды белгілеуді ұсынамыз. Тізімге мәдени және спорттық сипаттағы бұқаралық шаралар, жиындар, шеру, митингілер және басқа да шаралар еніп отыр»,- деді ол.
Егер де БАҚ адамдардың бет-бейнесі мен оның жеке мәліметтері қамтылған ресми ақпарат алса, азаматтар фотосуретін жариялауға болады. Сондай-ақ, қоғамдық мүддеге сай жағдайларда, яғни жоғалған адамды іздестіру кезінде фотосуретті рұқсатсыз жариялауға жол беріледі.
«Бұқаралық ақпарат құралы шындыққа жанаспайтын ақпаратты шығарса және де басқа БАҚ-тар түпкі дереккөзге сілтеме жасай отырып солай істесе, онда жауапкершілік аталған ақпаратты бірінші болып жариялаған БАҚ-қа жүктеледі»,- деді Дәурен Абаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓