“Отандастар” қоры құрылады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке "Отандастар" атты қазақтарды қолдау қорын құруды тапсырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. "Шетелде жүрген немесе отанына қайтқан қазақтарды қолдау үшін "Отандастар" қорын құру керек. Үкіметке осыны тапсырамын. Өздеріңіз білесіздер осы 25 жылда экономиканың, саясаттың дамуына байланысты еліміздің біраз азаматы қалталы боп қалды. Біз әлеуметтік жағдайы жақсы халық болуға тырысып жатырмыз. Байлар көп болса, олар жұмыс орнын көп етеді. Біз солтүстік Кавказдан адамдарды қабылдадық, шешендерді, оларға өз есігімізді аштық. Енді қазақтарға неге басқаша қарауымыз керек? Мен бизнесмендерді өз үлесін қосуға шақырамын", – деді Қазақстан Президенті V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы барысында.