Ортақ іске үлес қос!
Рудныйдың «Достық» саябағында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай кең ауқымды экофестиваль өтті. Шараны «ССКӨБ» АҚ қаржылай қолдауымен «Жастар» ресурстық орталығы ұйымдастырды.





Фестивальдің салтанатты рәсімінде алдымен экологиялық акцияларға үлес қосқан кен алыбының бөлімшелері марапатталды. Ал оқушылар арасында Рудныйлық №7 мектеп-гимназияның «Жерұйық» тобы жеңімпаз деп танылып, оларға сыйлық ретінде танымдық экология және энергоресурстарды қорғау орталығын жабдықтауға сертификат табысталды.

Қуаныш Есқабыл