Сауалнама

Құрметті «Қостанай таңы» газетінің оқырмандары!
 
Газет редакциясы Сізге «Қостанай таңының» әлеуметтік эмпирикалық зерттеу орталығы өткізетін қоғамдық пікір сауалнамасының қатысушысы болуды ұсынады!
Сіздің пікіріңіз, статистикалық жалпылама түрде газет беттерінде жарияланатын сараптамалық мақалалардың, инфографиканың негізі болады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар үшін аймақ өмірінің өзекті мәселелері бойынша сараптамалық баяндамалар әзірлеуде ескеріледі.
Облыс тұрғындарының қоғамдық пікірі, олардың азаматтық және өмірлік ұстанымдары біршама зор ықпал ете алады, оның ішінде:
  • халық үшін маңызды мәселелерді шешуде мемлекеттік шешімдерге және биліктің әрекеттеріне;
  • Қостанай облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басымдықтарын қалыптастыруға;
  • қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың халықпен жұмысын жетілдіруге.
Сіздер білдірген пікірлер және ұстанымдар Редакция үшін ерекше маңызды, себебі газет оқырмандарының көкейкесті мәселелері мен жетістіктері өмірдің бейнесін және басты трендін анықтап береді.
Жыл ішінде сауалнамалардың тұрақты қатысушылары болған азаматтарға, аймақтық өмірге ықпал етуге талпынған газеттің серіктестеріне, Редакция өзінің мерейтойлы іс-шараларында ескерткіш сыйлар ұсынатын болады. 
Осы орайда  Сізден біздің қоғамдық пікір көшбасшысымыз болып және ______________ сілтемесі бойынша өту арқылы сауалнамадағы бірқатар өзекті сұрақтарға жауап беруді сұраймыз.
Қадірлі жерлестер, бізге деген сенімдеріңіз үшін, өмірдегі ұмытылмас сәттеріңіз, шығармашылық ізденістеріңізбен бөлісе отыра, жылдар бойы (бүгінде 95 жыл) газетімізді қолдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздердің үміттеріңізді ақтайтынымызға әрі сіздерге жақын әрі қызықты бола түсетіндігімізге сенеміз.
 
 
 
Құрметпен,
облыстық «Қостанай таңы»
газетінің Директор-Бас редакторы                                        Ж. Аязбеков
 
 
«Қостанай таңы» – менің ақпарат әлеміндегі жол көрсетушім
 
Қадірлі достар – «Қостанай таңы» газетінің оқырмандары!
 
Әлеуметтік эмпирикалық зерттеу орталығы, «Қостанай таңы» газетінің сұранысқа ие болу және оның ұжымына сенім арту деңгейін объективті түрде талдау әрі газеттің аймақ өмірін бейнелеуіне және оның мазмұндылығына қаншалықты қанағаттанатындығын анықтау  мақсатында шұғыл сауалнама өткізуде.
Біз сіздің әр сұрақтың жауабына жауапкершілікпен әрі мұқият қарауыңызды сұраймыз. Газеттің ертеңгі күні қандай болатыны және сіз үшін біршама қызықты әрі пайдалы болуы – сіздің пікіріңізге байланысты.
Әр сұрақты оқып шығыңыз, оның жауап нұсқаларымен танысыңыз, көңіліңізден шығатын жауапты таңдаңыз да курсормен оған басыңыз. Егер ешбір жауап нұсқасы сіздің пікіріңізбен сәйкес келмесе, қажет болған жағдайда өз жауабыңызды енгізіңіз.
Зерттеу барысында алынған барлық ақпарат, жалпылама әрі жасырын түрде қолданылатын болады. Бірақ статистикалық мәліметтерді есепке алу үшін өзіңіз туралы бірқатар мағлұмат беруіңізді сұраймыз. Себебі мәліметтерді жинақтау барысында біз оларды халықтың ұстанымдарының ерекшелігі, жынысы, білім деңгейі, ұлты, кәсібі және т.б. бойынша талдаймыз.
Интернет кеңістікте біршама белсенді жас буын өкілдерінің, аға буын өкілдеріне біздің сауалнамаға қатысуына көмектескенін қалар едік. Сауалнамаға жауап беріп болған соң газеттің электрондық нұсқасын сирек оқитын, бірақ біз үшін өзінің беделді пікірімен бөлісе алатын жақындарыңызды шақыруыңызды сұраймыз.
Сауалнамаға қатысуға келісім бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз және сіз алдағы уақытта біздің тұрақты қатысушымыз – қоғамдық пікір көшбасшысы болады деп үміттенеміз!
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓