Сәбилі анаға көмек көрсетілді
5 ақпан күні кешкісін төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету қызметіне Арқалықтан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Алуа ауылынан шұғыл хабар келіп түскен. Жаңа туылған сәбиі бар жас анаға жедел түрде медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға орнына Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару тобының арнайы техникасы шұғыл жіберілді.
«Арқалық бөлімшесінің мамандары «Нива Марш БРОНТО» машинасымен 1980 жылғы әйел мен оның 2017 жылы туған сәбиін эвакуациялады», – делінген хабарламада.
Олар Арқалық аймақтық ауруханасына жеткізілді. Әйелге холециститтің асқынуы салдарынан ота жасауға тура келген. Ал, баланы бірнеше уақыт өткесін әкесі үйіне алып кетті.