“Өлім ойнынан” абай болыңыздар!

"Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. синий кит
Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесуің керек және қолыңа киттің суретін салуың керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен. 
"Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңыздың жүріс-тұрысына мән беріңіздер және ұялы телефонына қараңыз. Қазіргі уақытта "Синий кит" немесе "Тихий дом" ойындары тарап жатыр. Балаларды хат алмасу арқылы басқарып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарады. Абай болыңыздар", – делінген хабарламада. сини кит
Сонымен қатар, Желі қолданушыларының бірі тәжірибе жүргізіп ойынға қатысып көрген. Өз зерттеуінің қорытындысымен ол басқада қолданушылармен бөліскен. 
"Маған осы ойынның қалай жүретіні қызық болды. Неге 50 күн өткеннен кейін балалар өздеріне қол жұмсайды? Сонымен досымыз екеуіміз ВКонтакте желісінде екі жалған аккаун аштық, маған және досыма бір адам шықты . Екі түрлі адам шығып, күнде тапсырмалар бере бастады. Бірінші тапсырма қолға көк киттің суретін салу болды. Құдайға шүкір фотошоп барлығын істеп берді. Күн сайын жаңа тапсырмалар беріле бастады. Соңғы 50-ші күні таңдау керек болды. "Асылып өлу" немесе "секіріп өлу". Ойынның соңы – өлім. Сол кезде мен қорқатынымды айттым, маған бір сілтеме келді. Сілтемені басқанымда "404 бет табылған жоқ" деген жазу шықты. Осыдан кейін 10 минут уақыт өткенде ол маған былай деп жазып жіберді: "Егер өз-өзіңе қол жұмсамасаң, мен сенің ата-анаңды өлтіремін", – деп менің мекен жайымды, қай пәтерде тұратынымды жазып жіберді. Сол кезде маған олардың қалай жасайтынына көзім жетті", – деп жазды қолданушы. кит
Ол осындай қайғылы оқиғаға тап болмас үшін, осы хабарламаны барлық жерге таратуды сұрады. "Балалардың психикасы басқаша, үйдегі мәселелер тағы басқа. Ойынды ойнап жүріп, соңында олар (маған жасағандай) ұсыныс жасайды. Менің ойымша, көп адамдар оны істеуге қарсылық білдірген, алайда сіз сілтемені басқан уақытта олар баланың қайда тұратынын біледі. "Егер сен өзіңе қол жұмсамасаң, біз саған көмектесеміз. Сен ойынға кірдің, шығатын жер жоқ. Сен мынадай көшеде, мынадай пәтерде тұрасың. Біз сені аңдып жүрміз. Егер ата-анаңды жақсы көрсең, әрекет ет. Әйтпесе ата-анаңды өлтіреміз", – деп қорқытады олар. Әрине, осы кезде баланың миы шайқалып, ол сондай әрекетке барады. Ал онымен жазысып жүрген адамның мүлдем басқа қалада тұратынын ешкім де білмейді. Өзінің мекенжайын білетінін оқыған кішкентай баланың өмірі қиылады", – деді қолданушы. киит

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓