Әріптестік қадам жемісті болмақ

IMG_5055
Сергей Могилатов,
«АгромашХолдинг» АҚ ҚФ директоры.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы кезекті жолдауында Үкіметке 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту керектігі айтылып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыруға және  экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажеттігі сөз болды.
Бұл жолдаудың аты айтып тұрғандай, еліміздің үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілікті одан сайын арттыра түспек. Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын ғана емес, белсенділігін одан әрі сақтап қалады деп ойлаймын. Елордадағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаратынына кәміл сенемін.
Елбасының: «Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн. Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет»,- деп айтуына мән беріп қарасақ, қазір облысымызда бұл іс одан әрі қарқын ала түсті.
«Сарыарқаавтопром» ЖШС қазір Қытайдың брендіне арналған автокөліктерді құрастырып, өндіріс көлемін одан сайын арттыра түсті. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының негізінде қазір біздің зауыт тек қана жеңіл көліктер емес, ауыр жүк машиналарын да шығарып, бірнеше маманды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұған Елбасының мына сөзі дәлел: «Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт».
Міне, біз сол межені толықтай жүзеге асыруымыз қажет. Қазақстандық ноу-хау ертең экспортқа шығарылып, болашақта оған деген сұраныс артуы ғажап емес.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓