Он шақты үй салқын сусыз қалды

Қостанай қаласының ТБӨК (КЖБИ) шағын ауданында он шақты ғимарат кеше кешкісін салқын сусыз қалды. Бұған коммуналдық апат себеп. "Қостанай Су" мекемесіне дабыл сағат 19.45 кезінде келіп түскен. Гашек көшесі бойындағы құбыр жарылып, су төмендегі Тобыл өзеніне ағып жатыпты. Жарты сағаттан соң салқын су тоқтатылды. Күннің аяздығынан құбыр суы қалың мұз болып қатты.авария
 
авриМамандар ақауды қалыпқа келтіру үшін таңертеңнен жұмыс істеуде. 4 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыстардың нақты қай кезде аяқталатыны, үйлерге салқын судың қашан берілетіні әзірге белгісіз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓