Кеншілерге – жаңа пәтер
Лисаков. Осы жылы 7 шағын ауданда 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталады. Мұны қаржыландыруды «Алюминий Қазақстан» КБКБ АҚ өз міндетіне алмақшы. Жоспар бойынша, тұрғын үйдің кілті кеншілерге келер жылы кәсіби мерекелері қарсаңында беріледі. Ал, әзірге, жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптаманың қуаттауын күтуде.