Мас жүргізушіге сот үкімі шықты
Жітіқара аудандық соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылған 1981 жылы туған аудан тұрғыны Виктор Четырбокқа қатысты сот үкімін шығарды.Ағымдағы жылдың 8-қаңтарында, сағат 15.30 шамасында орташа алкоголдік масаң күйде болған күдікті «Хюндай Акцент» автокөлігін басқарған. Жітіқара қаласының шетінде көлікке ие бола алмай, жолдың оң жағына шығып кетіп, кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз баланы көлікпен соққан. Балалардың бірі алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тауып, екіншісі түрлі дене жарақатымен Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізілген.
Сот үкімімен В.Четырбокке қоныс-колонияда 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол бес жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сондай-ақ, сот жәбірленуші жақтың пайдасына 1,5 млн. теңге көлемінде моральдық және 900 000 теңге материалдық залалды өндірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі