Кеселдің жауы-кесірлік

Бүгінгі ауылшаруашылығы саласының жетістіктері эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығына байланысты.  Бұл салада өңірде бірқатар ветеринариялық қызметтің атқарып отырған ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Алайда, жетістіктермен қатар ветеринария саласының проблемалары да жетерлік.  Кезекті аппарат кеңесінде облыс аумағындағы ветеринария саласына қатысты  шетін мәселелер , олардың шешу жолдары мен алдағы  айқын міндеттер айтылды.korova_1Облыстық әкімдікке қарасты ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай  өңірде қалыптасқан осындай біраз мәселенің ұшығын шығарды.
Тобыл өңірінде бруцеллез ауруы әлі күнге азаймай тұр. Мәселен, өткен 2015 жылдың қортындысы бойынша облыс аумағында 5592 бас ірі қара малы бруцеллезге шалдыққаны анықталған.  Індет байқалған жануарлардың арасында  бруцеллездің таралу көрсеткіші 0,87 % тең (бұл көрсеткіш 2014 жылы 0,98 % еді).
Облыстық ветеринария басқармасы аумақтағы қалыптасқан эпизоотиялық ахуалға терең талдау жасапты. Сәйкесінше, өңірде бруцеллез, туберкулез індетінің эпизоотиялық тізбегі толық анықталды. Биыл  Тобыл өңіріндегі алты ауданда қара малды жаппай егу шаралары жүргізілмек. Әсіресе, шалғайдағы Аманкелді, Жанкелдин аудандарында бруцеллезге шалдыққан қара малдың бұрнағы жылдармен салыстырғанда азайғанымен, әлі де толыққанды жойылған жоқ.  Оның үстіне малды пастереллезден құтқару да негізгі шараға айналып отыр. Ол үшін барлық екпе толық әкелінген.
      Естеріңізде болса, өткен жылы Торғай аймағында жүздеп қырылған киіктің осы жұқпалы дертті жұқтырғаны анықталған-тұғын. Ақбөкендердің жаппай қырылуы артынша жайылымда жүрген малға да кесірін тигізді. Кім не десе де киіктің пастереллезден өлгені дәлелденді. Сондықтан, сақтанбаса болмайды. Оның бірден бір жолы  – екпе жасау.
        -Осыған дейін  есептегі қара малдың тек 30%-іне  ғана екпе егілген болса, енді оны 100% -ға жеткізу көзделіп отыр. ҚР ауылшаруашылық министрлігі облыстық ветеринария басқармасының қосымша дәрі-дәрмек жіберу туралы ұсынысын бірден қолдады,-деді кеңесте Берікжан Балапанұлы.
       Ал, облыс әкімі жұмысты шұғыл түрде жүргізу қажеттігін ескертті. Өйткені, киіктер ерте көктемнен бастап  біздің облыстың аумағына қарай ауа бастайды. Мұны жергілікті әкімдіктер де растап отыр.
        Б.Қайыпбай  ауылшаруашылығы саласының өркендеуі эпизоотиялық ахуалдың қолайлылығына, оның тұрақтылығына байланысты екендігін атап өтті. «Сол себепті, эпизоотиялық ахуалды одан әрі жақсартып, тұрақтылықты сақтауымыз қажет, ол үшін ветеринария саласына  қатысы барлық мемлекеттік органдар, ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, мал иелері, аудан мен қала, селолық округтердің әкімдіктері, ветеринариялық қызметтің барлық құрылымдары бірлесіп жұмыс атқаруы қажет»,-деді ол.
 
         
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓