Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленді

Мәдениет саласының қыметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман ретінде өнерге берілген өнерлі жандар. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейлі мерекесі мәдениет саласының қызметкерлері үшін ерекше күн. Аталған мереке қарсаңында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кең көлемде мерекелік кеш өтті.
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин өнер иелерін төл мерекелерімен құттықтап, “аудан көлемінде өтіп жатқан ізгілікті, игілікті іс – шара сіздердің талмай еңбек етулеріңіздің арқасы. Сондықтан аудан мәдениетінің өркендеп қанат жая беруіне тілектестігімді білдіремін”, – деді. Сонымен қатар облыс әкімінің грамотасын мұражай қызметкері Ханшайым Серікқызына табыс етті. Мараппат иесі табаны күректей 31 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Осы орайда Торғай мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Құлетқызы ол кісінің елеулі де жемісті еңбек жолдарына қысқаша тоқталып, ұжым атынан алтын сырға мен сақинаны сыйға тартты. Ал аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған мұражай қызметкерлері Толқын Елеутова, Меруерт Жақсылық, мәдениет үйінің қызметкері Дархан Хайруллин ризашылық сезімге бөленді.IMG_8321
Ардагерлер кеңесінің төрағсы Қарсақбай Бірмағанбетов, аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин, аудан әкімінің орынбасарлары Түбекбай Әубәкіров, Шота Оспанов, Дінмұхамед Бидашев, аудан әкімі аппаратының басшысы Талғат Амиров өздерінің жүрек – жарды лебіздерін білдірді. IMG_8315Көп жылдардан бері мәдениет саласында басшылық қызметті абыроймен атқарып, аудан мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жанашыры, қазіргі таңда “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов аталмыш партияның грамоталарымен мұражай қызметкері Күламза Ысмағұлованы, мәдениет үйінің қызметкері Алтай Қапановты және кітапхана қызметкері Сәуле Омарованы мараппаттады.IMG_8439
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дастан Әбжамалов “облыс мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін” облыстық мәдениет басқармасының грамоталарымен және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарын мәдениет, кітапхана, мұражай қызметкерлеріне табыстап, еңбектеріне толағай табыстар тіледі.
Сонымен бірге 55 жасқа толған мерейтой иелері Роза Қабдуалиева мен Гүлбану Сейтқасымға алғыс хатпен естелік сыйлық табыстады.
Осы тамаша кеште жергілікті сазгерлердің әндері шырқалып, мәдениет қызметкерлерінің көңілдері бір марқайып қалды.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓