Жүлдемен оралды
Жанкелдин ауданы. Облыс орталығында өткен жас музыканттар – балалар музыка мектептерінің халық бөлімі мен өнер мектептерінің оқушылары арасындағы 49-шы облыстық білім беру сайысына А.Әлібаева жетекшілік ететін домбыра бөлімінен А.Балтабаева, Ж.Сәбитбек, Б.Кожасағиевтің домбыра бөлімінен Ш.Айбекқызы қатысты. Нәтижесінде А. Балтабаева мен Ш. Айбекқызы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Ал байқау жүлдегерлерін дайындағаны үшін бөлім жетекшілері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мадақтамасымен марапатталды.