Шомылу маусымы басталмақ

Қостанайда 1 маусымда жазғы шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Осыған орай қалалық жағажайда қызу дайындық жүріп жатыр.
Тобыл өзенінің жағасын алдын ала тексеру мен қалпына келтіру мамыр айының 25-нен басталған болатын. Әзірге ТЖД судан құтқару қызметінің мамандары мен сүңгуірлер судың түбін тексеруде. Мұнда екі спорттық алаң, киініп-шешінуге арналған сегіз кабина, орындықтар мен қоқыс салуға арналған контейнерлер қойылмақ. Жағажай аумағында суға шомылудың ережелері, жол қозғалысының белгілері орнатылады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓