Медициналық бекет ашылды
Көршілес Ресеймен қоңсылас Қарабалық аудан арқылы өтетін тас жолдың бойында медициналық-құтқару бекеті ашылды. Медициналық пункт жол-көлік апатында және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарға жедел жәрдем көрсетуге арналған. Медициналық бекет «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ашылды. Онда 2 ауысыммен 10 адам жұмыс істейді.