Тағы бір қызмет түрі оңтайланды
Бұдан былай жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігінің келісімі туралы куәлікті жергілікті атқару органдарымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да алуға болады.
Жыл басынан бері пилоттық режимде жұмыс істеп келген қызметтің бұл түрі 11 мамырдан бастап Қазақстандағы ХҚКО-да заңды күшіне енді. Мемлекеттің бұл қызметі жеке және заңды тұлғаларға тегін жүргізіледі.