Мерекелік шара
Лисаков қаласында ҚР мәслихаттарына жиырма жыл толуына орай мерекелік шара өтті.
Оған жергілікті билік өкілдері қатысты. Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы Г.Жарылқасымова еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мәслихаттың қоғамдағы рөлі туралы айтып берді. Атаулы датаға орай қала әкімі М.Жүндібаев және жиырмадан астам қаланың дамуына өз үлестерін қосқан депутат-ардагерлер «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. мәслихаттың тұрақты комиссия төрағалары М.Кушибаева, В.Сычеватер Қостанай облыстық мәслихатының грамотасымен марапатталды.