Егіздер – Төрежан мен Асылжан

"Ботақаным" фотобайқауына егіздерден де суреттер келіп түсті. Асылжан мен Төрежан Жангелдин ауданының Аралбай ауылынан сәлем жолдап отыр. Екі "батырдың" жасы екі жарымда. Аналары Мақпалды орталарына алып, бірнеше суретке түсіпті. Үміткерлер бүгінде шағын орталық тәрбиеленушілері. Қос тамшыдай бір-бірінен аумайтын бауырлардың мінездерінде сәл өзгешелік бар екен. Төрежан ақкөңіл, тілалғыш, биге икемі бар. Ал Асылжан бірбеткей, қайсар, көпшіл болып өсіп келеді. Суреттерін тамашалап, баға бере отырыңыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓