Алғыр бала Айсұлтан
Фотобайқауға Арқалық қаласының балдырғандары ерекше белсенділікпен қатысып жатыр. Бүгін үш жасар тағы бір "батыр" әр жасында түскен суреттерін жолдапты. Аты-жөні – Айсұлтан Азаматұлы Мұстафа. Анасы Айзаданың сипаттауынша, қаладағы "Золотой кючик" балабақшасына баратын Айсұлтан өзі тәрбиеленетін "Жұлдыз" тобындағы ең үздігі екен. Осы бастан әуелетіп ән салады. Сөзуар, ойын анық, толық жеткізе алады. Зерделі, зерек. Басқа балаларға қарағанда үш тілде санай алады екен. Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Талабына нұр жаусын дейміз! Сондай-ақ, осы байқауда үздік атануына тілектеспіз!