Елгезек Ералы
Сурет байқауының келесі қатысушысы — Әбдібек Ералы Ерасылұлы. Ол 4 жаста, Арқалық қаласындағы №8 негізгі мектептегі шағын орталық тәрбиеленушісі. Түстен кейін "Зерделі" ерте даму орталығына барады. Ералы сурет салғанды, қағаздармен жұмыс істегенді ұнатады. Жаз уақытында велосипед тепкенді жақсы көреді. Ата-әжесінің ерке баласы.