Қалпына келтіруге 20 млн теңге жұмсалады

Күні кеше «Қонай» ықшам ауданында жаңадан салынып жатқан тұрғын үйдің төбесінен су ағып, мұз қатқан бөлменің суреттері әлеуметтік желіні шулатып еді. Tengrinews.kz сайты осыған жауапты мамандардың пікірін жариялады. Апаттың ақауын жергілікті қостанайлық құрылыс компаниялары реттейтін болды.
«Маевский кранынан ақау кетіп, бұрағышты уақытында тоқтаттық. Алдағы екі-үш тәулікте барлық төтенше жағдай жойылып, реттелетініне кепіл береміз. Қалыпты деңгейде мұз еріп, төмен жылжитыны түсінікті. Онда тұрған еш қорқыныш жоқ», – дейді «РедДомСтрой» ЖШС-нің бас инженері Тимур Бурян.
Қала билігі Қонайдағы тұрғын үйді салған мердігер компанияның жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
«Негізі, апат болған тұрғын үй өткен жылдың шілде айында тапсырылуы тиіс еді. Кейін жұмысын уақытылы атқармағаны мойындалып,  мердегілерімен арадағы келісім тоқтатылды», – дейді қала әкімдігінің мамандары.
Кейін осы іске қатысты қарағандылық құрылыс фирмасы жауапқа тартылды. Олардан апатты жағдайды қалпына келтіруге 20 млн теңге көлеміндегі шығынды жабу талап етілді.
 
А.Ғалымұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓