Ел батасына бөленген емші

Қостанай ауданынан қырық шақырым жерде Озерный ауылы бар. Бұл ауылда талай жанның жолын ашқан Замира Зульфикарқызының емшілік қасиеті жөнінде естімеген жан жоқ шығар…
Бойында анасы мен әжесінен берілген ерекше қасиет бар. Аталған қасиеті арқылы көптеген жанның, әсіресе, жастардың жолын ашады, дуа мен көз тиюден арылтады. Замираның айтуынша, оған бұл қасиет жастайынан қонған екен. Тоқсан жасқа келген анасы қазіргі күнге дейін адам емдейді.
Ол 1967 жылы 31 мамырда Ташкент жерінде дүниеге келген. Өз естеліктерінде балалық шағының қызықты әрі ерекше өткенін еске алады. Мектепті аяқтаған соң Чирчик қаласындағы медициналық колледжге оқуға  түсіп, оны аяқтаған соң кардиологиялық диспансерде медбике қызметін атқарды.
Кейіпкеріміз Қазақстанға 2004 жылы 37 жасында арнайы квота бойынша отбасымен қоныс аударғанын айтады. Ұсынылған жәрдемақы мен балаларға берілген арнайы ақшаға Озерный ауылынан үй сатып алыпты. Қазіргі күні Замираның төрт баласы бар. Балалары жөнінде Замира былай дейді:
«Үлкен ұлым – әскери, ал екі ұлым вахтада қызмет атқарады. 2005 жылы Озерныйға келген соң Гүлмира есімді қызымды босандым. Қазір Гүлмира Озерный орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Мектепті аяқтаған соң, медицина мамандығын таңдап, дәрігер не фармацевт болғысы келеді».
Замираның емделушілері оны ашық-жарқын, жауапкершілігі мол жан ретінде сипаттайды. Келген жандардың барлығы өзінің қалағанын алып кетеді. Әр емделушімен өзіндік жұмыс әдістемесі бар.
«Замира ашық жарқын адам. Менің онымен таныс болғаныма 12 жылдан аса уақыт өтті. Өмірдегі жолымды ашып, жұмысқа орналасу үшін оның кездесуіне жазылып едім. Кездесуде ол менің жанымды түсіне білді. Оған келген меймандарымен қарым-қатынас стилі маған ерекше ұнады. Өмірімде қиындықтар туған кезде мен оған әрқашан қоңырау шаламын. Менің келінім бала көтере алмаған уайымдаған уақытта Замираға хабарласып едім. Ол маған күзге қарай келінім бала көтеріп, бәрі жақсы болатынын айтты. Шынымен де, келінім күзге қарай жүкті екенін біліп, жақында ғана босанды. Ол тек адамдарды емдейтін емші ғана емес, жақсы ана, аяулы жар және құрбы», – дейді Гүлнар Саметқызы.
Замираның емдеу процесінің бір түрі – Құран аяттарымен дем салу. 2015 жылы Замираға күтпеген жерден өзінен-өзі ауырып, жолы болмай жүрген адам келеді. Ол өзінің әл-дәрмені қашып, әлсіреген уәжін айтып, Замираның алдына жылап барыпты. Аталған емдеу процесін қолдану арқылы сырқатынының беті қайтып, жазылып жолы ашылды. Соңында өзінің өмірге қайтадан келгендей есін жиғанын айтып, алғысын әлі күнге дейін айтуда.
 «2010 жылы алматылық таныстарымнан адамдарға көмек көрсететін әйел бар екені туралы естіп едім. Мен бұны кәдімгі «шарлотандар» деп есептеп, аса қатты сенбегенім есімде. Сол кездері басымнан мәселе арылмай жүрген еді. Менің өмірге деген ынтам құрып, бойымнан бәр дәрменім қашты. Замира маған дереу қол ұшын созып көмегін көрсетті. Сол үшін оған қазіргі күнге дейін ризамын. Оның адамгершілік қасиеті өте жоғары. Оның танымайтын жандардан ақша да ештеңе де алмай, құр рақметіне көмектескенін талай рет көрдім. Оған алдағы өміріне сабыр мен шыдамдылық тілеймін», – дейді Ғалия Османова.
Дегенмен, Замира Зульфикарқызы өзін емші емес, психолог ретінде санайды.
«Қазіргі күнге дейін көптеген жастар жан-жақтан менімен арнайы тілдесуге келеді. Біраз адамды дұрыс жолға бағыттап, өмірін құтқарған кездерім де болды. Жалпы, мен адамдарды жақсы көремін. Оларды дұрыс жолға бағыттап, адамдарға сенім білдіргім келеді», – дейді емші.
Қаракөз МАҚАТОВА
ҚӨУ студенті

You may also like...

2 Responses

  1. Мерал айтты:

    Салеметсызбе мен 3-келыны боламын быздын анашым бызге ене емес Ана болдыгои ☺️ Быз ол кысыны катты мақтан тутамыз???? Озының перзенттеры үшін барлык сынауга козын жумып осы дәрежеге акелып отырған Анашыма рахмет ????????????

  2. Бақсұлтан айтты:

    Керемет мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓