Жыл соңына дейін аяқталады

Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын кентінде “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында төрт көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең алдымен ауылдағы орталық көшелердің бірі – Серіков көшесі жөнделіне тақтайдай тегіс жол түсті. Жұмысты  “ВАН” ЖШС мердігерлік компаниясы  қолға алған.  Бұл көшеден басқа тағы Карл Маркс, Железодорожная және Калинин көшелері де жөнделетін болады. Жоба екі жылға есептелген. Бірақ,  мердігер жұмысты осы жылдың қазан айына дейін атқаруды жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң барлық көшеде жол белгілері қойылмақ. Арнайы жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 361 млн 154 мың теңге бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында жалпы сомасы 2 млрд теңгеге Әулиекөл және Аманқарағай ауылдарындағы жолдар, білім беру мекемелері мен басқа да әлеуметтік нысандар жөнделген болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓