Жылу компаниялары тұрғындарға 6 млн теңге берешек

Қостанай облысындағы табиғи монополияларды реттеу департаменті жылумен қамту қызметі үшін тұтынушылардан артық пайда түсірген компанияның тұрғындар алдындағы берешегін есептеп берді.
Департамент мұндай қайта талдау шарасын жыл сайын жүргізеді. Бұның жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға ғана қатысы бар. Осы жолы да  сыртқы ауа температурасын өлшейтін мекемелердің материалдары және "Қазгидрометтің" деректері пайдаланылды. Осылайша, жылу компаниясы қомақты қарызын тұтынушылардың жеке есепшотына алдағы жылыту маусымына дейін немесе жыл соңына дейін аударуға міндеттеліп отыр.
«Жүргізілген сараптама қорытындысы көрсеткендей, компания 2021-2022 жылғы жылыту маусымында табиғи монополияның 14 нысанына 6,2 млн теңге қайтаруы тиіс. Бұл – қосымша құн салығын қоспағандағы сома», – дейді департаменттегілер.
Сарапшылар анықтағандай, биылғы жылыту маусымында сырттағы ауа температурасы белгіленген межеден әлдеқайда төмен болған. Соған қарамастан, қаланы жылумен қамтамасыз етуші ұйымдар отынды шамадан тыс шығындаған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓