Бизнес жәрмеңкесі өтуде
Қостанайда бизнес жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған жүзге тарта кәсіпкер қатысуда. Өнімін таныстырушылар арасында Қарағанды, Ақтөбе облысынан келгендер де бар.
"Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлердің өнімін кеңінен танымал ету. Қатысушылар бір-бірімен араласып, ортақ жобалар жасап шығарса дейміз. Сонымен қатар, олар мемлекет қолдауы туралы көбірек білсін деп қаржы ұйымдарын, тиісті мекемелерді шақырып отырмыз", – дейді іс-шараны ұйымдастырушы, "Жас Атамекен" клубының жетекшісі Зарина Көкжанова.
Айта кетейік, екі күнге жалғасатын жәрмеңкені өткізуге Қостанай облысы әкімдігі мен "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы қолдау көрсеткен.
Бизнес жәрмеңкесі жөнінде толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.