COVID-19: 68 адам жұқтырды

Қостанай облысында коронавирус 68 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 31, Рудный қ. – 11, Әулиекөл ауданы – 10, Қарабалық ауданы – 9, Лисаков қ. – 6, Денисов ауданында – 1 адам.
56 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 10 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.  
Індет жұқтырғандардың ішінде 67 адамда ауру белгілері болды, 1 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 29 қараша аралығында COVID-19-дың 39 915 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 38 276.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 339 569 адам, екінші компонентпен 318 036 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓