Эпидахуал: +98

12 қазанда Қостанай облысында коронавирус 98 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 32, Рудный қ. – 11, Жітіқара қ. – 8,  Денисов ауданы – 7, Қостанай ауданы – 6, Лисаков қ. – 5, Алтынсарин, Әулиекөл және Б.Майлин аудандарында – 4, Амангелді, Қамысты, Қарабалық және  Мендықара аудандарында – 3,  Қарасу және Жангелді аудандарында – 2, Ұзынкөл ауданында – 1. 
84 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 13 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 85 адамда ауру белгілері болды, 13 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 12 қазан аралығында COVID-19-дың 34 641 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 30 591.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 321 726 адам, екінші компонентпен 296 898 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓