Елорда – ел мақтанышы
Осыдан жиырма үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мемлекет астанасы Алматыдан Сарыарқа төсіне көшірілді. Ол кезде Астана деген атау алған. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шешімі болатын. 1999 жылы ЮНЕСКО елорданы «әлем қаласы» атады. 2012 жылы ТМД мен түркі әлемінің астанасы болып жарияланған. Ал, күллі әлем үшін Нұр-Сұлтан қаласы Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық саналады. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап, шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі. Аса маңызды мерекеге орай облыс тұрғындарының пікірін білген едік.

Абай ЖҮСІПОВ,
"Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының Қостанай облысы филиалының төрағасы:

Құрметті қостанайлықтар сіздерді еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сания ШАРИПОВА,
Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінің директоры:

Қазір бас қаламыз ұлтымыздың өркендеуінің көрсеткішіне айналды. Қазақ мектептерінің саны артты, сапасы жақсарды. Білімге құштар жастар шоғырланған, әлемдік деңгейде білім беретін жоғары оқу орындары бар болашақтың қаласы.
Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Қуанышқа толы мереке күні сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Нұрымжан МИЛАҚАТОВ,
Қостанай облысы Жастарының «Алтын кітабының» лауреаты:

Жалғасбек МАРАТОВ,
Қарасу ауданының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты:

Ел астанасын Алатаудың бөктерінен Арқа төсіне көшіру арқылы біз тәуелсіздігімізді нығайттық, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жаңғырттық. Тамыры сан мыңдаған жылдардан сыр шертетін туған тарихымызды білдік, төл мәдениетімізді таныдық, ұмыт бола бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің қайнар бұлағын қайта аштық. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Осы тамаша күні Нұр-Сұлтан қаласының барлық тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен береке тілеймін.
Мейрамбек БЕЙСЕНБЕК,
«Жалын» Жангелдин аудандық Жастар ұйымы» ҚБ төрағасы:

Қзіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқайсың. Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Сондықтан, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде. Асқақтай бер Ару қала! Мереке құтты болсын!