Озық отыз жоба

Қостанай облысының ҮЕҰ ресурстық орталығында “Бастау-2021" ҮЕҰ әлеуметтік идеялары мен жобаларының жыл сайынғы жәрмеңкесінің жеңімпаздары марапатталды.
Аталмыш шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев, ҮЕҰ және бастамашыл топтардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында 30 әлеуметтік жоба қолдау тапты. Оған облыстың 20 өңірінен 107 өтінім келіп түскен. Қатысушылар өңірлердің экологиялық, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін шешуді ұсыныпты.
– ҮЕҰ секторы жергілікті қоғамдастықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге, заң жобаларын әзірлеуге қатысуға, халық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын болуға, проблемаларды анықтауға және шешу жолдарын ұсынуға бағытталған. Дәл қазір билік пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы өте нәтижелі болатын үлкен мүмкіндіктер кезеңі келді. Біздің мемлекетпен белсенді өзара іс-қимылымыздың нәтижесі қазақстандықтардың әл-ауқатына сөзсіз оң әсер етеді. Міне, бүгін бізді 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан идеялар мен жобалардың кезекті жәрмеңкесі дәлел болып отыр, – деді, – Марат Кенжебекұлы.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ҮЕҰ-ның мемлекетпен белсенді өзара іс-қимылының нәтижесі қазақстандықтардың әл-ауқатына сөзсіз оң әсер ететіні туралы бірнеше рет айтылды.
– Бірнеше жыл бойы әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіне бизнес-қоғамдастық өкілдері белсенді қатысып келеді, олар өздеріне ұнаған жобаларды іріктеп, олардың іске асырылуын қаржыландырады. Мәселен, «Промотход Казахстана» және «Шолақсай» ЖШС тұрақты серіктестер. Биылғы жылы әлеуметтік жобаларды "АБЗ+" ЖШС, "Астана ақшамы" қоғамдықсаяси газеті, Vovago.kz "ЖШС," Жас Қанат-2006 "ЖШС," Каркен "ЖШС," Пфунт Татьяна Яновна " ШҚ және Альфа банкінің Қостанай филиалының қолдауының арқасында қаржылық көмек алған жобалар көбейе түсті, – дейді облыстық «ГрИН» азаматтық альянсының жетекшісі дейді Динара Өтебаева.
Жәрмеңкеде іріктелген «Ш.Уәлиханов атындағы мұражай», «Mobile cinema», «Мектеп мұражайы», «Таза көл» сынды т.б. үздік жобаларға 100 мың теңгеден 500 мыңға дейін қаржылық қолдау көрсетілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓