Облыс әкімі құттықтады
Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ашық ақпараттық кеңістіктің дамуы жағдайында журналистиканың рөлі күн сайын күшейе түсуде.
Қостанай журналистикасы әрқашанда бүкіл республиканың БАҚ редакциялары үшін үздік кадрлар ұстаханасы болып саналды. Біздің ж у рна листердің материа лдары оқырмандар мен көрермендердің қызығушылығын тудырады. Ал, жобалар бірнеше рет ең жоғары деңгейдегі конкурстардың жеңімпаздары атанды.
Біздің өңірдің әлеуметтікэкономикалық даму мәселелеріне мұқият назар аударғаныңызға зор ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге шын жүректен шабыт, үнемі шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілеймін. Және жақындарыңызға бақыт пен амандық тілеймін!