Көңілді жаз
Жақында Арқалық қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының жанынан құрылған «Жауқазын» демалу сауықтыру алаңқайында «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Айткүл Қоңқабаеваның ұйымдастыруымен «Көңілді жемістер мен көкөністер» тақырыбында өткізілген іс-шара ойын түрінде өтті.Ойынның мақсаты балаларды табиғатты қорғауға, бау-бақша өсімдіктерін күтіп баптауға тәрбиелеуге бағытталды. Шараның өтілу шарты бойынша бірінші кезеңде әр топ өздерін таныстырып, ән айтып берсе, екінші кезеңде әр топ «Ойнайық та, ойлайық!» тақырыбында жұмбақтар шешті. Үшінші кезеңде топ басшылары «Кім епті?» сурет салып жарысты. Төртінші кезең бойынша балалардың шапшаңдығы мен жылдамдығын дамытуға арналған әр топ жемістер мен көкөністерді тез жинап алу мақсатында өткізіліп, ойынға Тұрсынай Бейсенбайқызы, Зере Дулат, Айзада Асылбек, Аружан Сапарбек, Айару Ғинолла, Наз Айбар, Мерей Жарасбаева, Сезім Сарбастар белсенді қатысты.
Әділқазылар қорытындысы бойынша «Жемістер» тобы 17 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алса, «Көкөністер» тобы 15 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Әр топ мүшелері мақтау қағазы мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Балалар бұл өткізілген іс-шарадан өздеріне жақсы көңіл-күй мен керемет әсер алды.
А.БАЖИКЕНОВА,
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы «Жауқазын» алаңқайының «Жас саяхатшы» үйірмесінің жетекшісі.