АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2006 жылғы үлгідегі номиналдары 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңге айналыстан алынған және одан кейінгі банкноттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарында мерзімсіз айырбастау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы 2021 жылғы 14 маусымнан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарымен 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңге айналыстан алынған және одан кейінгі банкноттарды Қазақстан Республикасында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының ақша белгілеріне мерзімсіз айырбастайтынын хабарлайды.
2006 жылғы үлгідегі банкноттар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы келесі мекен жайда орналасқан:
Қостанай қаласы, Баймағамбетов көш., 195. Кассалардың жұмыс тәртібі – жұмыс күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10.
 
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
Қазақстан Республикасында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы туралы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңының 40-бабына сәйкес банкноттар мен монеталарды шығаруды, олардың айналысын ұйымдастыруды және Қазақстан Республикасының аумағында айналыстан алып қоюды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта, қолма-қол ақша айналымында жүрген төлем ақша белгілеріне келесі банкноттар мен металлды монеталар (соның ішінде естелік және мерейтойлық) жатады:
Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын белгіленген құны бойынша қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Барлық сұрақтар бойынша "ҚР Ұлттық Банкі" РММ Қостанай филиалына: қолма-кол ақшамен жұмыс жүргізу және кассалық операциялар бөліміне 8 – (7142) 99-09-24, 99-09-25 телефоны бойынша, жұмыс емес уақытта 8-747-907-81-14, 8-707-776-59-94 телефондары бойынша хабарласуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓