Жаңа технологиямен жабдықталды
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға ерекше мән беріліп жатыр. Инновациялық технологиялар облыстың әр өңіріне жетуде. Таяуда цифрландырудың озық элементтерімен, заманауи құрылғылармен жабдықталған шаруашылықтар қатарын Озерный ауылындағы "Карл Маркс" ЖШС толықтырды.
Серіктестік өз меншігіндегі ауыл шаруашылығы техникаларын GPS-навигаторлармен, жанар-жағар май шығынын есептегіштермен жабдықтады. Сондай-ақ, GPS-навигациясы бар канадалық егіс кешенін сатып алды.
Мал шаруашылығы саласында да соңғы технология игіліктерін пайдаланып отыр. Атап айтқанда, шаруашылықта жануарларды жаппай чиптеу жұмысы жүргізілген. Бұл жаңашылдықтың пайдасы сол – титімдей ғана чип барлық мал басының жай-күйінен үздіксіз ақпарат беріп, түліктердің жалпы есебін жүргізіп отыруға қабілетті.