Қазақстанда ықпалды жаңа саяси күш пайда болды
Қазақстандағы алдағы сайлауда билік партиясынан бөлек, елеулі ықпалды ойыншының бағдарламасы неге арналған? Adal саяси партиясы биылғы 10 желтоқсан күні басталған сайлау процесіне белсенді қатысуда. Алдымен атауын өзгертті, содан соң мемлекеттік қайта тіркеуден өтті, өте мұқият іріктелген кандидаттарының тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Саяси ұйым халықтың проблемаларын талқылау және шешу үшін құрылған интерактивті бірегей сайтын іске қосты, оны жоғары деңгейде таныстырды. Белсенді және жанашыр қазақстандықтарды сауатты біріктіре алған партия барлық салаларды ауқымды жаңғыртуды, сол арқылы адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды көздейді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдай отырып, Adal бизнес пен әлеуметтік факторларға айрықша сүйенеді. Сайлауалды бағдарламасында партия еліміздің барлық азаматтарының лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді, жаппай кәсіпкерлікті дамытуды жақтайтыны белгіленген. Adal, сондай-ақ әділ есеп беретін мемлекеттік аппараты қалыптастыруға күш салмақ. Саяси ұйым денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған ортаны қорғау салаларын реформалауға, сол арқылы жаңартуға да уәде беріп отыр. Осы іс-қимыл бағдарламасын орындау пандемиядан туындаған дағдарыстың салдарын еңсеруге және экономиканың өсуіне, қазақстандықтардың әл-ауқатын қалпына келтіруге мүмкіндік береді екен.
Жаңа саяси күш бағдарламасында бірқатар басым мақсаттарға бағытталған егжейтегжейлі формальды шешімдерден алшақтықты ажыратады. Партия белсенділері өздерінің саяси амбицияларын көрсетумен емес, жаңа әлеуметтік кепілдіктерді енгізумен, аймақтарды тиімді дамытумен айналысатындарын дәлелдеп бағуда.
Adal-дың бағдарламалық ұсыныстары ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне, АЕК-тің артуына, бюджет қызметкерлерінің жалақысының көтерілуіне, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге, ипотекалық қарыздардың қолжетімділігіне қатысты.
Партия мектеп және кәсіптік-техникалық білім беруді реформалауға, қашықтан оқытуды және қосымша онлайн-платформаларды дамытуға, колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға күш-жігерін жұмсауды жоспарлап отыр.
Партия мүшелері тегін медициналық жәрдемге қайта оралуды, ерікті медициналық сақтандыруға көшуді, отандық фармацевтикалық индустрияны сапалы дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды және қолжетімді спорт инфрақұрылымын құруды қолдайды.
Ұлт денсаулығын сақтау Қазақстан экологиясын сауықтырумен тығыз байланысты. Сондықтан да Adal қалдықсыз өнеркәсіптік өндіріс, суды ұтымды пайдалану, тазарту құрылыстарын салу, жылумен жабдықтауды және қоғамдық көлікті газға көшіру үшін ынталандырулар жасауға ниетті.
Саяси ұйым қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерін ғана емес, сонымен бірге экономикалық мәселелерді де шеше алатындығын мәлімдейді. Мысалы, шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін декларациялар беру және салық төлемдерін төлеу үшін қолдануда қарапайым және қолайлы сервисті негіздеу қажет. Партия 2025 жылға дейін салықты көтеруге мораторий енгізуге уәде беріп отыр. Жеке кәсіпкерлер үшін кешенді қолдау жоспарларын жасау, соның ішінде проблемалы несиелерді есептен шығару бойынша іс-шараларды ойластыру қолға алынбақ.
Саяси ұйым партиядағы ауыл фермерлерін заманауи агростандарттарға оқытуды, олар үшін қолжетімді лизингтік бағдарламалар әзірлеуді, ауылшаруашылығын тұрақты субсидиялауды, озық технологиялар мен экспортты енгізуді ынталандыруды ұсынады.
Аdal бұл саяси науқанда өзін реформалар жүргізуге бел буған маңызды ойыншы ретінде көрсетеді. Партия өзінің https://adalpartiyasy.kz онлайн-платформасы арқылы сыбайлас жемқорлық фактілері, әкімшілік кедергілер мен мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі бойынша азаматтардың шағымдарын жинауды іске қосқан. Ұйымның белсенділері әрбір өтініш бойынша әділ шешімге қол жеткізетіндіктеріне сендіріп отыр.
“ADAL” саяси партиясы” ҚБ Сайлау қорының қаражатынан төленді.