Байқау материалдары
Елбасы көп жүрген көше
Мен 42 жылдан бері осы Қостанай қаласында тұрамын. Республикалық, облыстық БАҚ-тың өкілі ретінде қатарынан 15 жылдан астам Елбасының Қостанайға келген іс-сапарына басы-қасында жүріп көріп куә болған, кей жылдары, тіпті, Елбасымен жүзбе-жүз сұхбаттасқан журналистердің бірімін. Облыс орталығындағы Қостанай дизель зауыты кеңес заманында салынды. Содан бастап Назарбаев талай рет келіп, оның тыныс-тіршілігін қадағалап, тәуелсіздік жылдары осы алып кәсіпорынның шаңырағын ортаға түсірмей сақтап қалды. Оны қазіргі «СарыаркаАвтоПром» етіп қайта түлеткен де Назарбаев. Дәл осы Гагарин көшесімен барып өндірісті жаяу аралағаны есімде. Сондай-ақ көше бойындағы «АгромашХолдинг» кәсіпорынымен де Елбасы танысқан. Осы көшемен Орталық футбол стадионына барып үлкен мерекелік салтанатқа қатысып, қалың жұртпен дидарласқаны, «Еңбек резервтері» спорт кешенінде споршыларға ақ тілегімен дем бергені, колледждердің оқушыларына оқуда табыс тілегенін өз құлағымызбен естідік. Енді мына қисынды қараңыз. Дәл осы Назарбаев көп жүрген қаланың бұл бөлігінде, көшенің нақ төр жағынан Назарбаев интеллектуалды мектебі ашылды! Сонымен қатар, қалың елге аян, даңқты диқаншымыз Кәмшат Дөненбаева Елбасымен жақсы таныс, қамқорлық шапағытын көрген кісі. Бүгінде айтулы апамыздың ескерткіші бар Дөненбаева аллеясы Жастар сарайымен үйлесе жарасым тапқан! Талай рет Елбасы осы көшемен солтүстік Федоров, Қарабалық аудандарының егін алқаптарына аралауға шыққанына, одан әрі асып Ресейге де достық сапармен аттанғанын да көзіміз көрген. Ендеше бұл көшенің басқаша аталуы мүмкін бе, ағайын?! Гагаринге келер болсақ, бұл тұңғыш ғарышкердің есімі тұтас елімізді айтпағанда, облысымыздың барлық қала мен аудандарының көше мен мектептерінде бар. Гагарин әбден ұлықталып, мектеп оқулығына дейін енген есім. Сондықтан оның рухы қазақ еліне бек риза. Қазақ Елінің тұңғыш Тәуелсіздік туын тіккен Елбасының есімін ірі магистралды даңғылға айналғалы тұрған көшеге беру қисынды әрі әбден лайық.
24.07.2019
Елбасы еңбегіне лайық баға
Елордаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешімнің тарихи маңызын талдауға арналған жиын Қамысты ауданында да жалғасын тапты. Баяндамалар тыңдалып, елді елең еткізген елеулі оқиға туралы лебіз-пікірлер ортаға салынды. "Мен осынау ұлы саясаткерді шын жүрегіммен құрметтеймін, өйткені нақ осы тұлға тәуелсіз және демократиялық дамыған тегеурінді мемлекет құрды. Сындарлы, тағдыршешті кезеңдерде табысқа бастар төте жолды таба білді. Басты жетістігі – қазақстандықтарды ынтымаққа ұйыстыра алды. Мәселен, қазір бүкіл әлем Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісім моделіне қызыға да қызғана қарайды. Көптеген әйгілі саясаткер мен оқымыстылар Қазақстанның қоғамдық қатынастарын басқа елдерге үлгі етеді. Құрметті қамыстылықтар! Осындай тұлғаның есімін бас қалаға беру шешімінің маңызын ұғынып, оны әрдайым қолдауға шақырамын!" — деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Б. Есембай. Ал "Қамысты" қоғамдық қорының жетекшісі Г.Ф. Бабикова Елорданың Елбасы атымен аталуы елімізді әлемге одан әрі танымал ете түсетінін тілге тиек етті. Бұл пікірді қамыстылық жастардың бірауыздан қолдайтыны да осы жиын барысында мәлім етілді. "Мен, қазақстандық жас ұрпақтың өкілі ретінде, астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуын қолдауды азаматтық парызым деп есептеймін. Өйткені еліміздің егемендігін еңселендіруге ол кісінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қиындықтарға қарамастан, біз алып тарихтың тасасында қалып қоймай, әлемдік қауымдастықта абыройдың асқарынан көріндік. Шетелде жүріп немесе өзге ел азаматтарымен қарым-қатынас жасай отырып, мен Отанымның Қазақстан екеніне мақтанамын! Мұның сыртында, осы жылдың Жастар жылы деп белгіленгенінен бізге деген қолдауды барынша сезінеміз. Олай болса, біз ел ертеңінің тұтқасын ұстайтын лайықты тұлғаға айналуымыз керек!" — деп сөз саптады аудандық жастар ресурстық орталығының директоры М.А. Исекеева.
24.07.2019
«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ. АСТАНА»
Қостанайда фильмнің тұсаукесері өтті
Қостанайда фильмнің тұсаукесері өтті
«Kostanay Plaza» ойын-сауық, сауда орталығында «Елбасы жолы. Астана» фильмінің Қостанайдағы алғашқы көрсетілімі өтті. Туындыны тамашалуға көпшілікпен бірге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те келді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген. Оның қойылуына белгілі режиссер Ақан Сатаев жетекшілік еткен.
Фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХ және ХХІ ғасыр айырығында тұңғыш бой көтерген Елорданың болашағы жөніндегі толғаныстары шынайы көрініс тапқан. Астана қаласының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөлі, кездескен қиындықтарды жеңе білудің жарқын үлгісі, іс басында болған, ел тұтқасын ұстаған азаматтарымыздың еңбегі, халықтың бірлігі, жұртшылықтың ықыласы, сенімі баяндалады. Сондай-ақ картинада елорданы Ақмолаға көшіру шешіміне қатысты қоғамдық түрлі көзқарастар, оның ішінде кертартпа пікірлерін көлденең тартқандар да көрініс береді. Бұған қоса, фильмде қамтылған жылдар көлемінде еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалар сәтімен ұсынылған. Әсіресе ел шекарасын шегендеу, өзге елдермен ынтымақтастық орнату бағытындағы маңызды қадамдарды санада жаңғыртатын тұстар көңілге жылы әсер етеді. Сонымен бірге Астананың халықаралық тұсаукесер рәсімін сипаттайтын көріністер де фильмнің маңызын арттыра түскен. Фильмнің басты кейіпкері – мемлекеттік қызметкер. Ол Елбасының қасында жүріп өткенін еске алады. Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін белгілі актер Мұрат Ақманов сомдаса, дауысын Ерлан Қасымжанұлы айнытпай салды. Басты рөлдерде Мұрат Ахманов, Жан Байжанбаев, Олег Ли, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова ойнайды. Қорыта айтқанда, «Елбасы жолы. Астана» фильмі экран арқылы ел тарихынан, Елбасының өмір жолынан шынайы деректер ұсынады. Оның тәуелсіздік шежіресін, жаңа Астананың алғашқы қадамдарын көрсете отырып, елдік сананы көтеруге, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал етері анық.
20.12.2018
КӨРКЕЮ ЖОЛЫНДАҒЫ КӨСЕТКІШТЕР
Биыл облыста елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған 131 жоба қолға алынды. Оның аясында 820 шара қамтылып, 4,6 млрд теңге қарастырылған. Аталған сома – бюджеттің және меценаттардың қаржысы. Әсіресе, кіші бағдарламалардың қадамы нәтижелі.
Ішкі саясат басқармасының мәліметіне сәйкес, желтоқсандағы жағдай бойынша, 97 жоба аяқталған. Оның барлығы "Тәрбие және білім", "Рухани қазына" кіші бағдарламаларына тиесілі. Бұл жобаларды іске асыру аясында жалпы құны 2800,1 млн теңге болатын 697 іс-шара ұйымдастырылған.
– "Атамекен" кіші бағдарламасын жандандыру үшін де ауқымды жұмыс атқарылды. Мұның аясына "Жүректен жүрекке", "Көркейе бер, Қостанай!", "Рақмет саған, Туған ел", "Облыстық ресурстық орталық", "Мен еріктімін" кіші жобалары бар. Соңғысына басқасын іске асыру ішкі саясат басқармасының жауапкершілігінде, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы З.Байменова.
Айталық, облыстық маңызы бар "Көркейе бер, Қостанай!" кіші жобасы табысты ілгерілеуде. Осы жылы тізімге ілінген 4 168,2 млн теңгенің 159 жобасының аяқталмағаны – бесеуі ғана. Келер жылы екі жоба – Қостанайдағы ұлттық-мәдени орталықтың құрылысы мен Арқалықтағы №5 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеуі тізімді толықтырады.
Ал өңіріміздің тұлғаларын насихаттауды көздейтін "Рақмет саған, Туған ел!" кіші бағдарламасы аясында биыл әр салада жетістікке жеткен елге белгілі 27 азамат өз туған жерлерінде шеберлік сабақтарын, кеңестер мен семинарлар өткізген.
"Ақпарат толқыны" кіші бағдарламасы ықпалымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу сәтті іске асқан. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында биыл 88 млн теңге бөлініпті. Оның 60 млн теңгесі – облыстық бюджеттікі, қалалық, аудандық әкімдіктен 28 млн теңге қарастырылған. Осы айға дейінгі көрсеткіш бойынша, республикалық, облыстық және аймақтық БАҚ-та барлығы 5440 материал жарық көрген.
Бағдарламаларды іске асыруға 212 меценат жұмылдырылғанын да айта кету керек.
(25.12.18)
МӘДЕНИ САЛАНЫҢ МӘУЕЛІ ІСІ
Былтыр облыс көлемінде "Рухани қазына", "Қазақстанның сакралды географиясы" және "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобалары жемісті жүзеге асты. Жобалар аясында ұйымдастырылған мәдени шаралардың тізімі көп. Ал биыл қостанайлықтарды қандай ауқымды жобалар күтіп тұр?
Өткен жылы өңірде 53 кіші жоба мен шарғы-шаралар іске асқан. Оның 8-і облыстық маңызға ие, ал қалған 45-і аймақтық деңгейде ұйымдастырылды. Бұған жұмсалған қаржы көлемі – 178 млн теңге.
– Қоғамның ерекше назарын аудартқан оқиғалар – "Рухани қазына" ұйымдардың, мәдениет және өнер қызметкерлерінің форумы, "Көктем-қыздар" республикалық вокалдық байқау, "Жас толқын" облыстық декоративті өнер байқауы және "Облыстың анағұрлым живопистік орындарындағы қостанайлық суретшілердің пленерлері" жобасы, – деп мәлімет берген еді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов. – Аймақтық деңгейде де ауыз толтырарлық шаралар өтті. Қостанай ауданында "Қымызмұрындық", Сарыкөлде "Ұлы дала" фестивальдері, Амангелдіде және Лисаов қаласында республикалық айтыс, Жангелдинде "Торғай әуендері", "Бабалар сазы" республикалық ән байқаулары, Қамысты ауданында "Әнім саған, туған жер" фольклорлық әндер фестивалі сәтті жүзеге асты.
Басқарма басшысының сөзінше, зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдерінің атсалысуымен өткен шараларға 80 мыңнан астам адам қатысқан. "Достық көпірі" облыстық кіші жобасы аясында халықаралық фестиваль, байқау, гастрольдер де ұйымдастырылыпты. Нақтылай айтқанда, облыстың 18 шығармашылық ұжымы және 60 дарынды өнерпаз Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде өткен халықаралық сайыстарға қатысып, 77 жүлделі орынға ие болған.
Осы жылға құрылып отырған жоспарлар да ауқымды. "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақалалары негізге алынып, "Айналдым сенен, Атамекенім!" қазақ халық шығармашылығы фестивалі өтпек. Мұның сыртында Нұржан Наушабаев атындағы қазақтың дәстүрлі әндерін орындаушылардың республикалық байқауы, "Өнеріміз саған, Қазақстан!" облыстық фестивалі, "Тобыл жағалауында" халықаралық театр фестивалі салтанат құрмақ.
Облыстың қасиетті жерлерін насихаттау жұмысы да жоспардағыша атқарылды. Барлық 29 нысанның GPS-координаты анықталған. Қазіргі таңда 2018-2020 жылдарға арналған сакралды нысандардың қолжетімділігін қамсыздандыру және инфрақұрылым жасаудың жол картасы пысықталып жатыр. Яғни жалпыұлттық маңызға ие орындарға апараттын жолдар жөнделіп, QR кодтар, ақпараттық тақталар орнатылып, визит-орталықтар ұйымдастырылмақ. Туған өлкенің киелі нысандарын насихаттау мақсатында осы жылы қазақстандықтарға виртуалды саяхат ұсыну ойластырылып жатыр.
(08.01.19)
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАСТЕРЛІ ІС
ҚР Тұңғыш Президентінің қоры мен іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агентігі ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы одан әрі жалғасады. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Осыған байланысты Қостанайдағы іскер әйелдер қауымдастығы филиаланың өкілдері журналистермен баспасөз алаңында кездесіп, байқаудың мән-маңызы туралы жан-жақты айтып берді.
– Қайырымдылық қазақтың қанында бар, қастерлі іс. Ол адамды ынтымаққа, мейірімділікке тәрбиелейтін тамаша құрал. Бұдан әйелдер қауымдастығы қалай сырт қалуы тиіс? Байқауға берген материалдарды «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» атты бес аталым бойынша бағалайды. Онда ең бастысы, біздің еліміздегі адамдар қолымен, жүрегімен жасалатын тамаша істер көрініс табады,- дейді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Балбөпе Ертаева.
Жалпы, өңірде іскер әйелдер қауымдастығының жұмыс істегеніне жиырма жылдан асып кетті. Осы аралықта ұйым қоғамдағы белсенділігімен ерекшеленді.Қыз-келіншектерді бизнеске баулуда, әйелдердің саяси белсенділігін арттыруда көптеген жұмыс атқарды. Бүгінгі таңда облыста кәсіпорындар мен шаруашылықтарды басқаратын әйел-азаматшалар аз емес.
Іскер әйелдер қауымдастығының басты ұстанымы – қайырымдылық жасау. Ұйым әлеуметтік жобаларға белсене қатысады. Олар облыс өңірінде көптеген қайырымдылық шараcын өткізеді. Мәселен, ұйым 2016 жылы ауру баланың емделуі үшін 850 мың теңге берген. 2017-2018 жылдары «Жанұя» облыстық балалар үйіне көмектесті. Іскер әйелдер қауымдастығы ата-ана қарауынсыз қалған және әлеуметтік аз қорғалған отбасылар балаларына көмек акцияларын жиі ұйымдастырады. Республикалық Іскер әйелдер қауымдастығы биыл елімізде бірінші рет өтіп отырған «Қайырымдылық керуені» байқау-акциясы құрылтайшыларының бірі ретінде белсенді ұйымдастырушы-жүргізуші болып отыр. Журналистер үшін өткізген брифингте Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері байқау-акцияның шарттары мен уақыты туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
(23.01.19)
БАР ҚҰТЫМНЫҢ БІР ҮЛЕСІ – "САРҚЫТЫМ"
Биыл қолға алынған "Қайырымдылық керуені" республикалық жобасы аясында Қостанайда алғашқы акция жүзеге асты. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы жобаның қаңтар айына белгіленген "Сарқыт" шарасын өткізді.
"Сарқыт" акциясының шеңберінде қазақ халқының бірден екі дәстүрі – "Тұсаукесер" және "Бесікке салу" көрсетілді. Бұл үшін Әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығында өмір сүріп жатқан нәрестелі екі ана арнайы шақыртылған. Сахна төрінде салттарды іске асыруды, оның терең мән-мағынасын залдағы көрермендерге түсіндіруді ақ жаулықты әжелер міндетіне алыпты. Ақбұрым аналар, ұйымдастырушылар ұлттық таным таяздаған уақытта әсіресе жастардың арасында мұндай визуалды шаралардың жиі өткізілу керектігін айтты. Ғасырлар елегінен өткен ұлттық ғұрыптардың тәрбиелік маңызын санаға сіңдіру – осы жобаның ең басты құндылығы.
Сонымен, ең әуелі Нұрсана есімді екі айлық нәресте бесікке салынды. Тиісінше, құстың ұясындай бесіктің әр бөлігі жайлы ақпараттар беріліп, оларға қатысты ырым-жоралғылар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Анасының алтыншы құрсағы – нәзік Нұрсанаға да ақ тілек арналып, әлди-жыр айтылды. "Қастерлі бесік әр шаңырақта тербелсін" десті үлкендер.
Шараны тамашалауға келген мектеп оқушыларының, студенттердің және ересек қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырған рәсім "Тұсау кесу" дәстүрі болды. Әлинұр есімді 1 жас, 3 айлық "батырдың" тұсауын кесіп, "тәй-тәй" басқызу ғанибеті Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Әлімжан Бекмағамбетовке тапсырылды.
Қазақтың осы бір тамаша дәстүрінің мәнісі жайлы да жүргізуші арулар жан-жақты түсінік берді. Төрге төселген ақ жол үстімен қаз-қаз қадам басқан Әлинұр ырым етіліп тасталған заттардың ішінен қамшыны қалап алды. Мұны жұртшылық жақсылыққа балап, "нағыз батыр болып өсер" деп жорып, ақ баталарын берді.
Әдемі ғұрып әнмен әрленіп, бимен сәнделді. Қос бірдей салт-дәртүр іске асып болысымен, бейімдеу орталығында күнелтіп жатқан көпбалалы бес анаға азық-түлік салынған сарқыт үлестірілді. Қытымыр қаңтардың "Сарқыты" осылайша мейір мен жылуға толы көңіл-күймен аяқталды.
Айта кету керек, бұл қайырымдылық акциясын өткізуге "Бірлік" әжірбайжан этномәдени бірлестігі, облыстық тарихи-өлкетану музейі және "Ақ дариға" қазақ әндері хоры көмек көрсеткен. Қазақ халқының барлық салт-дәстүрі, ырым-жоралғысы дәріп болатын қайырымдылық жобасы жыл бойы үздіксіз жалғасатынын да еске саламыз.
(15.01.19)
Биылғы меже – 330 мың шаршы метр
Өткен жылы өңірімізде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы ойдағыдай. 299,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 2017 жылға қарағанда, 13 пайызға артық орындалып отыр. Оның ішінде жалдамалы баспана бойынша 507, несие бойынша 1126, коммерциялық және жеке тұрғын үй бойынша 1539 пәтер салынды. Бұл туралы өңірлік әкімдікте өткен жиында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қатарбеков мәлімдеді.
– Былтыр пилоттық жоба бойынша Қостанай ауданының Заречный елдімекенінде біркелкі типте салынған 165 баспана (18,2 мың шаршы метр) жеке тұрғын үй пайдаланауға берілді. Биыл 12,5 мың шаршы метр болатын 114 үй тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарлап отырмыз. Қостанайдың «Әуежай» шағын ауданында өткен жылы 70 мың шаршы метрлік 12 көп қабатты тұрғын үй (1017 пәтер) салынса, биыл 468 пәтерлік 7 үйдің (жалпы ауданы 32,9 мың шаршы метр) құрылысы аяқталады. Ал «Юбилейный» ауданында өткен жылы 11 көп қабатты үй салынып, пайдалануға берілсе, биыл бюджет есебінен 12 (78,4 мың шаршы метр), «БК-Строй» серіктестігі тарапынан тағы 12 (81,1 мың шаршы метр) көп пәтерлі үйлер салынбақшы. Былтыр әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға 5 көпқабатты жалдамалы тұрғын үй салынған. Биыл осындай 6 үйдің құрылысына 2,6 миллиард теңге бөлініп отыр, – деді басқарма басшысы.
Облыс орталығының «Қонай» шағын ауданында екі жылдан бері жалпы аумағы 96,9 мың шаршы метр болатын 30 көп қабатты үй (1425 пәтер) салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Е.Қатарбеков биыл 18 бюджеттік нысанның (59,5 мың шаршы метр) құрылысы басталады деді. Сонымен биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үйдің жалпы аумағы 330 мың шаршы метрді құрамақ.
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жоспарды уақтылы орындауға, әсіресе, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуге тапсырма берді. Оған себеп те жоқ емес. Өткен Тәуелсіздік мерекесіне орай облыс орталығында өңір әкімінің қатысуымен тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті тапсырылғанмен, артынша баспаналардың сапасыздығы жайында шағым түсуде екен. Сол себепті, А.Мұхамбетов қала басшылығына мұндай олқылықтардың салдарын бір апта ішінде жоюға пәрмен беріп, алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына жіті қадағалау жүргізуді тапсырды.
(17.01.19)
ҰШПАҚҚА БАСТАР ҮШ БАҒЫТ
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын білім беру кеңістігінде іске асыру барысы Қостанай облысында жоспардағыша жүргізілді. Қаржылардың игерілуі ғана көзделмей, өткізілер шаралардың мәні мен пайдасына баса ден қойылды.
Негізі, "Рухани жаңғыру" біз атаған салада "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы арқылы өрге жүзуі тиіс. Ал бұл кіші бағдарламаны "Өлкетану", "Отаным – тағдырым", "Саналы Азамат" аталатын үш бағыт алға жетектейді. Өткен жылдың осыған қатысты деректері өңірде өнімді жұмыс атқарылғанын айғақтап отыр. Соған рет-ретімен тоқталайық…
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында былтыр 103 жоба өткізу жоспарланып, оның 89-ы және тізімге алынған 585 іс-шараның 498-і жүзеге асқан. Тұтастай алғанда, осының барлығына облыс бюджетінен және меценаттардың жұмылдырылуымен 213 млн теңге жұмсалыпты.
Облысқа қарасты аудандар мен қалалардың бюджетінен бөлінген қаржы да мақсатты жеріне жеткен. Айталық, Амангелді, Жітіқара, Қарасу, Федоров аудандары мен Лисаков қаласы қазынасынан 11 млн теңгеден шығындалса, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл және Таран аудандарының қорынан 8 млн теңгеден қарастырылған.
Енді, "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының үш бағытына жеке-дара назар салайық. Ең әуелгі "Өлкетану" базалық бағытын іске асырудағы негізгі мақсат – өлкетану білімін және музейлік педагогиканы ілгерілету арқылы әр азаматтың туған жерлеріне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдері ояу. Бұл жалаң сөз, арзанқол акциялар деңгейінде қалған жоқ. Нақты, көзге көрініп, көңілге түйілетін шаруалармен қуатталды.
"Соның бір мысалы – 5-7 сыныптарға арналған "Өлкетану. Қостанай облысы" қосымша оқулығын жасайтын шығармашылық топтың құрылуы. Бұл топ былтыр қазан айында жасақталған-тын. Аталған оқулық "Оқулық" мемлекеттік орталық (МҒПО) сараптамасынан өтіп, тамыз кеңесі кезінде педагогтарға таныстырылған еді. Қазіргі уақытта ол тираждалуға даяр. Алматы қаласындағы "Атамұра" баспасына жеткізілген. Мұны іске асыруға 11,9 млн теңге қажет", – деген еді жыл айрығында облыс әкімдігінде есеп берген білім басқармасының басшысы Қ.А. Каткенов бұл туралы нақтылап.
Аталған бағыт аясында музейлік педагогиканы дамытуға былтыр ерекше екпін қойылыпты. Бұл үшін мектептердегі мұражайлар саны артқан. Сандарға сүйенсек, облыс көлемінде 115 мектеп музейі болса, өткен жылы оларға тағы 49-ы қосылған екен. Сәйкесінше, экспонаттар санағы да 12 мыңға ұлғайып, 43 мыңға жетіп-жығылған. Оқу ошақтарында жәдігерлер бөлмесін ашқан аудандар – Амангелді, Әулиекөл, Жітіқара, Меңдіқара, Науырзым, Таран. Бұлардың мәнісі де жергілікті жерде қалып қоймайды. Өзара сайыстарға түсіп отырады. Былтыр мектеп музейлері арасында сырттай республикалық байқау өтіп, Қостанай қаласындағы физика-математикалық лицейдің өлкетану музейі 1-орын иеленген болатын. Бұл да өзге "әріптестерін" қанаттандыра түсер жетістік.
Оқушылар арасындағы іздеу отрядтарының қатары қалыңдай түскені де байқалады. Нақ солардың күшімен мектеп музейлерінің қоры жасалып жатыр. Ал бұл аспектіні күшейту мақсатында 5,7-сынып оқушыларын Қазақстан тарихы, география, әдебиет пәндерін музей базаларында, тарихи нысандар маңында өткізу тәжірибелері қолданылған. Деректерге сенсек, былтыр 1-5 сағат бойы осындай 680 сабақ өткізіліпті. Бұған облыстағы аталған сынып оқушыларының 70%-і қатысқан.
Одан кейінгі "Отаным – тағдырым" базалық бағытының басты көздейтіні – ел келешегінің тұтқаларын азаматтық пен патриотизм деңгейін көтеру. Енді өткен жылдың қорытындысына көз жүгіртелік… Былтыр облыс аумағында 4 мыңнан астам бала 174 әскери-патриоттық бірлестіктің құрамына енген. Сондай-ақ, Әскери-патриоттық балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің халықаралық форумы өтті. Оған 3,6 млн теңге жұмсалып, 153 оқушы қатынасқан. "Жас әскер" және "Айбын" әскери-патриоттық клубтарының облыстық слеттерін де маңызды шаралар қатарына қосуға болады.
Осы жылы да кішкентай отансүйгіштер үшін үлкен шаралар өткізу жоспарланып отыр. Наурыз айында Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай облыстық сап түзеу және ән фестивалі өтпек. Бұл шараға 1 млн теңге жұмсалатынын да мамандар нақтылай кетті. Мұның сыртында, мамыр-маусым айларында "Номад" аймақтық ӘПК-ның облыстық оқу-жаттығу жиындары, "Айбын" ӘПК облыстық слеті салтанат құрмақ.
Соңғы бағыт – "Саналы Азамат" – мектеп, колледж түлектерінің тұлғалық, кәсіби бәсекелестіктерін арттыруды мақсат қылған тармақ. Мұның жұмысы WorldSkills стандарты арқылы кадрлар даярлау жүйесін құруда айқын аңғарылды. Дәлірек айтқанда, ең маңдайалды шара жыл сайынғы облыстық "WorldSkills Kazakhstan" чемпионаты болды. Жыл сайын әлеуеттеніп келе жатқан жарыс биыл 15 кәсіп бойынша өткізіліп, қатысушылар саны да едәуір артты. Жеңімпаздар осы жылы Қазан қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғамақ.
Жастардың кәсіби бейімі мен цифрлық технологияға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында "Озат" ІТ-лицейдің ашылғанын да айта кеткен жөн. Бұған қоса, әр аймақта ауқатты азаматтардың демеушілігімен 23 робототехника бөлме, 28 ІТ-сынып ашылған. Бұларға жұмсалған қаржы көлемі 300 млн теңгеге жуықтайды. Міне, мұның бәрі – саналы, заман талабына сай білім алған, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған, болашақтың қамы үшін жасалып жатқан жұмыстар.
Білім беру кеңістігінде атқарылар міндеттер, тапсырмалар, жоспарлар салмағы уақыт озған сайын ауырламаса, жеңілдемейтіні анық. Оның бір ғана мысалы – өткен жылғы "Рухани жаңғыру" ұзақ мерзімді бағдарламасының жалғасы ретінде елбасының "Ұлы Даланың жеті қыры" атты мазмұны терең мақаласы халыққа жол тартып, жаңа мақсаттарды айқындап беріп отыр. Осыған орай, облыстық білім басқармасының мәліметтеріне жүгінсек, биыл "Қостанай облысы: ұлттық қайнарларды тану" атты өлке руханиятын тұтастай зерделеуге арналған кең ауқымды жобаны іске қосу жоспарға алынды. Бұған барлық орта, кәсіптік, жоғары білім беретін мекемелер жаппай жұмылдырылмақ. Мұның сыртында, біз атап өткен бағдарламалардың қай-қайсысының да қадағалаудан тыс қалмайтыны тағы белгілі.
(16.01.19)
ҚАДАМЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Бүгін елордадағы «Нұр әлем» павильонында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды.
Шара басталар алдында «Жас қазақстандықтардың жобалары» көрмесінде Қазақстан Президентіне дарынды жастарымыздың "NNaimi.kz", «Shoqan suits», «Qazaq eli», «Beyond», «Kusto Group» секілді табысты жобалары таныстырылды.
Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Жастар жылының маңыздылығы туралы сөз сөйледі . Сонымен қатар, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы баяндама жасады. Бұдан бөлек, спикерлер ретінде әртүрлі салада жетістікке жеткен жастардың белсенді және креативті өкілдері, оның ішінде жас кәсіпкер Расул Абдуллаев, жас ғалым әрі стартапер Иван Крепак, еріктілер өкілі Айсұлу Ерниязова, аграрлық сала өкілі Тамила Розметова сөз сөйледі.
Жастар жылының ашылуына Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар, бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келген.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан еді. Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.
(23.01.19)
7-20-25: 206 ӨТІНІМ ТҮСКЕН
Облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қатарбеков баяндама жасап, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Жалпы, Қостанай облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 206 өтінім түскен. Бұл мақсатта 1 млрд 407 млн теңге жұмсалу көзделіп отыр.
– Бүгінде 119 өтінім мақұлданды. Қалғандары екі деңгейлі банктер арқылы қаралып жатыр. Олар: «Банк Центркредит» АҚ, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Forte банк» АҚ, «Цесна банк» АҚ. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Сбербанк» АҚ да мемлекеттік бағдарламаны орындауға кірісті. Былтыр қараша айында екінші деңгейлі банктерге 352 бюджеттік пәтерлер тапсырылды. Оның 118-і «Байтерек Девелопмент» ұйымына тиесілі, – деді Нұрлан Қатарбеков.
2018 жылдың 9 айында 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік әлсіз топтарды жалдамалы пәтерлермен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, тұрғын үй салуға көзделген 7,3 млрд теңге қаражат толығымен игерілді. Осы жылы «Әуежай» шағын ауданында 32,9 мың шаршы метр аумақта баспана салынады. «Юбилейный» шағын ауданында 67 гектар жерде құрылыс жұмыстары басталды. Мұнда 1233 пәтерлік 11 үй қолданысқа беріледі. Үйлерді «БК-Строй» ЖШС салады.
Тұрғын үй құрылысы Қостанай ауданында да қызу жүріп жатыр. Мұнда «7-20-25» бағдарламасының 9 қатысушысына «Тобыл» кәсіпкерлерді қолдау қоры 15 жылға пайызсыз несие беріп отыр. Үйлер «Северный» шағын ауданында тұрғызылған.
– 2019 жылы 20 кредиттік үй пайдалануға беріледі. 2018 жылы толық іске асырылмаған тұрғын үй құрылысын ескере отырып, екінші деңгейдегі банктерге «7-20-25» бағдарламасы аясында 500-ге жуық пәтер беріледі, – деді басқарма басшысы.
Ал облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне жасалтын жеңілдікті естен шығармауды тапсырды.
– Жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын сапалы іске асырыңыздар. Ең алдымен, дәрігерлерге, мұғалімдерге, ішкі істер органдары қызметкерлері мен әлеуметтік салалардағы жас мамандарға жергілікті бюджет есебінен субсидиялау жалғасады. Мемлекет бағдарлама арқылы тұрғын үй алам деушілермен тығыз байланыс жасаңыздар. Қажет болса, демалыс күні жеке қабылдау жүргізу қажет. Біз қаншама тұрғын үй салдық, бірақ оның игерілуі төмен. Бұл жұмысқа деген жауапкершіліктің аздығы. Осы жылы екінші деңгейлі банктермен бірігіп, 500 пәтер тапсырамыз. Аз көрсеткіш емес. Сондықтан, халыққа насихаттау жұмыстарын тоқтатпаңыздар. Керек десеңіздер, қосымша қаржы бөлуге дайынбыз, – деді Архимед Бегежанұлы.
(28.01.19)
Өңір өндірісінде өсім бар
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Қостанайға келді. Мақсат – аймақтағы бірқатар өндіріс орнын аралап, Елбасы белгілеген тапсырмалардың орындалу барысымен танысу.
Алдымен Жеңіс Махмұдұлы халықаралық әуежайға барды. Онда мәртебелі мейманға стратегиялық нысанның инфрақұрылымын дамыту төңірегіндегі жұмыстары таныстырылды.
-Әуежайдың ұшу-қону жолағын ұлғайтамыз. Қайта жаңарту жұмыстары барысында оның ұзындығын 300 метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жоба құны 300 млрд теңге тұрады. Жөндеу жұмыстары 2018 жылдың бірінші маусымында басталып, осы жылдың қыркүйек айында тапсыруды мақсат етіп отырмыз. Былтыр 4,5 млрд теңге игерілді. Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін әуе айлағынан ұшу бағыты көбейетін болады. Сондай-ақ, әуежай көлемді жүк порттарын жеткізіп, қабылдай алатын мүмкіндікке ие болады, – деді "Қостанай" әуежайын қайта жаңарту жұмысын жүргізуші астаналық "Қазақдорстрой" компаниясының директоры Михаил Бабаев.
Одан кейін Жеңіс Махмұдұлы «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС өндіріс алаңына беттеді. Онда министр өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысты. Мұнда министрмен бірге Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен өндіріс басшылары және шетелдік автокөлік зауыттарының өкілдері болды.
Аумағы 400 гектар индустриялық аймақ алаңында бүгінде 300 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылған. Жоспарға сай, үш зауыттың құрылысы да биыл басталмақ, 120 млрд теңгеге инвестиция тартылып, шамамен, 600 жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.
– Астық және майлы дақылдарды өңдейтін ауыл шаруашылығы алқабының құрылысы қолға алынбақ. Оған 300 млн АҚШ доллары жұмсалмақ. Жоба қытай инвесторларымен бірлесе жүзеге асырылатын болады. Жаңа кешенге жылына 600 мың тонна астық өндіру қарастырылған. Сондай-ақ, индустриялық аймақ аумағында "Красный гвардейский" машина шығаратын зауыты да өз жобаларын жүзеге асырмақшы, – деді "Композит Групп Казахстан" ЖШС құрылтайшысы Анатолий Черных.
Ресейдің "Композит Групп " холдингі "МТЗ" маркалы Беларусь тракторларын құрастыратын зауытты жақында іске қосты, 70 трактор нарыққа жол тартты. Техниканың құны 7 млн теңге тұрады. Кәсіпорын жылына 3 мың трактор құрастыруға қауқарлы. Жоба толық күшіне енгенде 250 адамды жұмыспен қамтымақшы. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің айтуынша, бүгінде индустриялық аймақ аумағының 40%-ы игерілген. Өндіріспен айналысамын деген инвесторларға барлық мүмкіндіктер жасалып, инфрақұрылым тартылған.
– Қостанай – елдегі автоөндірістің басты орталығы. Машина құрастыру саласын дамытуға еліміз көп көңіл бөлуде. Әсіресе, ауыл шаруашылығы техникаларына басымдық берілген. Сондықтан осы саладағы мәселелер негізге алынады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Кездесу барысында астаналық қонақ үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған көлік құрастыру зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс көлемі мен экспорттық әлеуетті арттыру – іргелі серіктестіктің стратегиялық жоспары. Былтыр бас-аяғы 12 мың көлік құрастырылып, экспорт көлемі 4 есеге артқан. Биыл облыста 20 мың жеңіл көлік құрастыру межеленіп отыр. Сондай-ақ, дәнекерлеу цехында жұмыс істейтін жұмысшылардың басым бөлігі қостанайдағы оқу орындарын бітіріп, осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан. Машина жасау цехының жұмысымен танысқан соң Жеңіс Қасымбек автобустарды да қарап шықты. Былтыр 70 автобус Ақтөбеге сатылса, биыл 300-і Шымкент қаласына жөнелтіліпті. Инвестициялық әлеуетті арттырудағы елбасы қойған тапсырмалар өңірде осылайша сәтті іске асырылып жатыр. Ал бұл ел экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізуде. Астаналық мейман өндіріспен мықтап айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін, өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді қолдану керектігін баса айтты.
(25.02.19)
РУХАНИ ҚАЗЫНА – ҰЛТ БОЛМЫСЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихымызды түгендеп, ұлтымызға тән рухани кодты сақтауға және ұлттық сананы өзгертуге арналған. Бағдарлама тармақтарына сай, әсіресе, мәдениет саласында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Осынау ұлттық құндылықтарды сақтауда мұражайлардың орны ерек. Соның бір тармағы – «Қасиетті Қазақстан» кіші бағдарламасы бойынша Амангелді ауданының Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебінде мұражай ашылған болатын.
Жаңашыл мұражай
Ауылдың тарихына тереңірек үңіліп, тарихын, киелі жерлерін, ауыл түлектерінің жетістіктерін зерттеуге кіріскен мектеп ұжымы біраз шаруа атқарыпты. Сол жұмыстардың бір нәтижесі – «Өлкетану» мұражайы. Әуелі, мұражай жетекшісі, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айман Баймағанбетова туралы аз-кем деректерге назар салайық. Айман Күлекешқызы осы өңірде туып, мектепте 30 жылға жуық жұмыс істеп келе жатыр. Он жылдай директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, төрт жыл мектеп директоры болған. Негізі, 1987 жылы Целиноград мемлекеттік педагогоикалық институтының филиология факультеті, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығына оқуға түскен. Аталған институтты 1992 жылы тәмамдап, туған жерінде мұғалім болып еңбек жолын бастады. 2003 жылы қосымша Қостанай мемлекеттік университетінің құқық және тарих факультетін аяқтады. 2004 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» деп танылса, бірнеше мәрте облыстық марапаттардың иегері атанды. 2010 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хатына ие болып, 2014 жылы «Еңбегі үшін» облыстық дипломымен марапатталды. 2017 жылы республикалық «Үздік педагог» төсбелгісін тағынған да осы Айман Баймағамбетова. Оның сөзінше, жаңа ғасырға аяқ басқан тұста мектептің бұрынғы директоры Бәкиза Қасымованың бастамасымен «Тарихи-педагогикалық» музей ашылып, жұмыс істеп тұрған. Онда мектепте еңбек жұмыс істеген ұстаздар, атақты түлектер туралы мәліметтер жиналған. Сол кезде де Айман Күлекешқызы жетекшілік етіп, біраз мағлұматтарды сақтап қалды.
Жаңадан ашылған мұражайдың ауқымы кең. Ауылдың құрылуынан бастап, даму жолы, қазіргі күндегі тыныс-тіршілігі қамтылған. Мұражай бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар: «Ауыл тарихы», «Даму жолы», «Ауыл шаруашылығының өркендеу жолы», «Еңбек ерлері», «Ауылдан шыққан атақты тұлғалар», «ҰОС ардагерлері», «Тыл ардагерлері», «Мектептің даму жолы». Бұл ауқымды шаралар жыл басынан жоспарланып, аудан көлемінде өз нәтижесін көрсетті. 2019 жылдың басында Астана қаласы ұйымдастырған республикалық «Музей – ел шежіресі» тақырыбындағы интернет-байқауынан бірінші орынды жеңіп алды. Байқауға қатысқан Айман Күлекешқызының еңбегі жоғары бағаланды.
Сонымен мұражай несімен құнды? Мектеп қабырғасынан ашылған мұражайдың басты ерекшелігі – жаңашылдығы. Себебі, мұндағы әрбір экспонаттан ұялы телефон арқылы мәлімет ала бересіз. Мұндай жаңашылдықты қолданған мұражайлар облыс бойынша сирек. Мектептің информатика пәнінің мұғалімі Дастан Әбілтаевтың еңбегінің арқасында, ескірген суреттер қалпына келіп, мұражай қабырғасына ілінді. Дастан Саматұлы арнайы бағдарламамен әрбір жәдігерге QR-код орнатқан. Оның сөзінше, бұған екі ай уақыт жұмсаған.
Мұражай – тарихтың куәсі. 1924 жылы Жамбыл ауылында (қазіргі Ақсай) 4 сыныптық бастауыш мектеп ашылған. Айман Баймағамбетованың айтуынша, алғашқы мектепте 4 оқушы оқыған. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған Батыр Әлмағанбетов пен Садық Әбділдин, Ұлы Отан соғысында комсомол ұйымын басқарған Хамза Қасымовтар білім алған.
Мұражайдың тағы бір жәдігері – Бүйректал мектебінің алғашқы ұстаздары туралы деректер. Атап айтқанда, мұнда аудандағы бірінші педагогтардың бірі саналатын Бірмағанбет Қолдасбаев, ҰОС ардагері Тасмұрат Арыстанбеков және бастауыш сынып мұғалімі Қазкен Ғалиевалар оқыған. 1942-1943 оқу жылдары Арғынғазы Бақкөзов мектепті басқарады. Ал 1947 жылы жеті жылдық мектепке Кәкімбек Әбеуов, 1951 жылы Молдасалық Бөженов директор болып келеді. 1957 жылы жеті жылдық мектеп жабылып, қайта бастауыш болып қалды. Оны Зейнолла Омарбеков басқарады. Айта кетейік, мұражайда Зейнолла Омарбековтің екінші дүниежүзілік соғыста ұстаған заттары сақталған. 1967 жылы Амангелді аудандық атқару комитетінің сәуір айындығы өкімімен орта мектеп құрылды. Мектеп директорлығына Ізбасар Қамысбаев тағайындалды.
Кәсіпкерін көріп, ауылын таны
Мұражайдың жетістігі – тынымсыз еңбек пен ізденісте. Бұдан бөлек, Айман Күлекешқызы айтқандай, әуелі осы бастамаға демеушілік жасап, қаржылай көмектерін аямай, ел тірлігінің ұйтқысы бола білген патриот азаматтарға алғыс айтылу керек деп есептейді. Расымен де, Балғураев Қали, Ғалиев Махмут, Шаяхметов Мүбәрәк, Жүнісов Мирасбек, Омарбеков Қайырбай, Молдатаев Сағындық, Шағыров Мылтықбай, Сыздықов Өмірбек, Әбділдин Бүркіт, Шағыров Марат, Торсықбаев Базарбек, Сәдуақасов Шоқан, Алтынсарин Жанай, Атаев Бауыржан, Әлібаев Дәулет, Ілиясов Бағдат, Аренов Болат, Жанайдаров Серік, Хасенов Батырхан, Тасмұратов Шамиль, Смағұлов Марат, Садақбаев Ербол, Әлмағанбетова Зауреш, Шалғынбаева Ақыш, Исабекова Ләйлә, Кулекешов Әлихан, Төлеубаев Руслан, Серікбаев Нұрлыбек, Кенжебаев Марғұлан, Исабеков Елдос, Ершинов Ізбасар, Есекин Сейтбек, Сулейменов Абылайхан, Досжанов Сарсен, Атаев Амангелді, Исабеков Айдос, Ілиясов Асылхан, Ілиясов Әліби сынды ауыл азаматтарының көмегі көп.
– Бұл әлі толық тізім емес, себебі мұражай жұмысы үздіксіз жүретін үрдіс, сондықтан әлі күнге дейін демеушілер көбейіп жатыр. Ал үнемі мектепке және мектеп жанындағы балабақшаға демеушілік көрсететін ауылдың жеке шаруа қожалықтары және мектептің түлектері Сапарғали Ахметжанов, Аман Аянов, Мүбәрәк Шаяхметов, Нұрылан Молдатаев, Серік Жанайдаровтардың игі істерінен үлгі алатын жастары бар ауылдың болашағы жарқын, – дейді Айман Күлекешқызы.
Бүйректал ауылының кәсіпкерлері ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін қосып келеді. Мұны ауыл әкімі Шоқан Сәдуақасов растап отыр. Мәселен, Қали Балғураев – облысқа танымал меценат. Негізі, атасы Балғурайдың әкесі Жұмасай ауқатты кісі болған деседі. Садық Нысанбаевтың «Өмір өткелдері» кітабында: «Торғайдың бір саласы Аяқмойылды өзенінің бойы арғын Әйдерке руының аталары мекендеген көрінеді. (Осы күнгі Қостанай облысы Амангелді ауданы) Жәдік руында Жұмасай, Нұржан деген дәулетті адамдар болған. Сол Жұмасай Шақа елінде оқыған, ірі медресе бітірген Жәуке деген молда бар екендігін естіп, інісі Нұржанды бірнеше кісімен жіберіп, ескіше сауаты бар Нысанбайдан баласын өз еліне мешіт ұстауға және бала оқытуға өтінген» деп жазылған екен.
– Жұмасай нағашым сол заманның өзінде елдің қамын ойлап балаларының сауат ашуына ықпал еткен. Өкінішке қарай кәмпескелеу кезінде қудаланып, түрмеге қамалған. Бауырлары байдың тұқымы деп атылған. Шешемнің айтуынша, әкесі Жұмасай өте жұмсақ, адамгершілігі мол кісі болған. Көмек сұраған адамға тоғайдағы сиырларының ішінен таңдағаныңды ал дейтін көрінеді. Адам қанап, жалшы да ұстаған жоқ, құдайдың бергені шығар, ірі қарасы көп болды. Не үшін халық жауы атанғанын түсінбедік, – деп түсіндірді Айман Баймағамбетова.
Қали Балғураев еліне демеушілік жасауды дәстүрге айналдырған. Мектепке қажетті нәрселерді уақтылы әкеліп, балаларды қуантатыны тағы бар.
– Бір сөзімізді жерге тастап көрген жоқ. Қаржылай көмегін аямайды. Күнделікті ұсақ-түйегін айтпағанда, соңғы жылдары мектептің қоршауына, мұражайдың жиҺаздарына, спорттық жабдықтарға қомақты қаржы берді. Әрине, ол мұнымен тоқтамасы анық. Бастысы, қазақтың жиен-нағашы арасындағы қалжыңды түсінетін кісі. Қали Жақсылықұлы жақында 61 жасқа толды. Жоғары білімді бола тұра, қиын кездерде де ауылдан көшпеді. Алматы халықшаруашылық институтын аяқтаған. Ауылда бас экономист болып жұмыс істеді. Ел жандылығы сондай, шақыртылған жұмыстардан да бас тартты. Содан «Нұрылан» жеке шаруа қожалығын ашып, тұрмысын нығайтуға кірісті. Міне, қазіргі таңда ауылдың белді азаматы, ел ағасы, игі істерімен кейінгі ұрпаққа үлгі болып отырған патриот адам, – деді мұражай директоры.
Өлкенің тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси өмірінен мол мәлімет беретін мұражай қашанда рухани қазына саналған. Сол себепті, шағын ғана ауылдағы ауқымды жобалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық сананың сілкінуіне үздіксіз қызмет ете беретіні сөзсіз.
(02.05.19)

-Қайырымдылық қазақтың қанында бар, қастерлі іс. Ол адамды ынтымаққа, мейірімділікке тәрбиелейтін тамаша құрал. Бұдан әйелдер қауымдастығы қалай сырт қалуы тиіс? Байқауға берген материалдарды «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» атты бес аталым бойынша бағалайды. Онда ең бастысы, біздің еліміздегі адамдар қолымен, жүрегімен жасалатын тамаша істер көрініс табады,- дейді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Балбөпе Ертаева.