Ардагерлерге құрмет көрсетілді

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Осыған орай Сарыкөл ауданының орталық алаңында бір топ соғыс интернационалистері шейіт болғандардың рухына тағзым етіп, ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды. Сондай-ақ, олар Ново-Урицк орта мектебінде өскелең ұрпақпен кездесу өткізді. IMG_8512
Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер лайым құрметке лайық. Сондықтан ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуді Сарыкөл полициясы биыл да ұмытпады. Аудандық мәдениет үйінде арнайы ұйымдастырған шара бір минут үнсіздікпен басталды. Содан кейін аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков пен АІІБ бастығы, полиция подполковнигі Канат Рахметжанов жаужүрек жауынгерлерге жүрекжарды лебіздерін білдірді. Қанат Серікұлы ауған соғысы және АІІБ ардагерлері – Талгат Абжанов пен Сергей Горшениннің иықтарына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, сый-сыяпат жасады.IMG_8318
Сондай-ақ, жүректерге жара салып, бүгінде тарих бетінде өзінің қанды ізін қалдырған соғысқа қатысушы Сергей Науменко сөз алды.
-Бұл соғыс бұрын болса да әлі көз алдымда. Қылшылдаған жастық шақта қолымызға қару алып, өлім туралы ойламаппыз. Қыршын болған боздақтар есімі ешқашан ұмытылмайды. Енді соғыс болмасын, – деп өз ойымен ашық бөлісті.
Сондай-ақ, кеш барысында ауған соғысындағы қан қилы сәттер экран арқылы көрсетіліп, ерлік туралы әндер шырқалды.IMG_8348
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓