13 адам көз жұмған
Облыста. Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 204 өрт оқиғасы орын алып, 13 адам көз жұмған. Ал, өткен жылы тіркелген 1181 өрт оқиғасының 32-сі балалардың салғырттығынан болған көрінеді. Сондай-ақ, мамандар көбіне өрттің шығу себебі спирттік ішімдік ішкен адамдардың да кесірінен болатындығын айтады. Мәселен, былтыр тілсіз жаудың құрбаны болған 40 адамның 20-сы мас болған көрінеді.