Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.
Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 11 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде аталған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
«Премьер-Министрге үш аптаның ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын дайындауды тапсырамын.Оны ақпан айының басында өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қараймыз», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓